Выйти
RU

Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызға іздеу салынды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік полицейлер бір тәуліктен бері хабарсыз кеткен 16 жастағы аруды іздестіріп жатыр. Полицияға қыздың әкесі хабарласып көмек сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде отбасымен ренжісіп үйден кеткен 16 жастағы бойжеткенге іздеу салынды

Фото: ПД, Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Бойжеткен 25 мамыр күні сағат 11:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сары уайымға салынған туыстары хабарсыз кеткен қыздарын қайдан іздерін білмей дал.

"Полицияға қыздың 48 жастағы әкесі хабарласты. Ақтөбе Мұнай және газ колледжінің 1-курс студенті Амандық Батима Бисенқызының 25 мамыр күні сағат 11:00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты. Жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін азаматтарды 8776 546 66 66 немесе "102" телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

16 жастағы ару бұрын-соңды үйден шықпаған. Үйінен кетерде өзімен бірге ұялы телефонын да алмаған.

Батима Амандықтың белгілері: Бойы 155-160 см, орта денелі, шашы ұзын қоңыр түсті, бетінде секпілдері бар. Сол күні үстінде қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар, аяғында ақ түсті кроссовка болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін кешкі 18:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ақтаулық жасөспірім қызға іздеу салынғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ертесіне оқушы аман-есен табылып, полиция қызметкерлері оны туыстарына қайтарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызға іздеу салынды (фото)