RU

Оралда жазғы дәмхана өртеніп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 27 мамыр күні сағат 18:00-де Орал қаласының Шолохов көшесі 35 мекенжайы бойынша орналасқан "Пивовар" жазғы дәмханасы, ақша айырбастау нүктесі отқа оранды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оралда жазғы дәмхана өртеніп кетті

Фото: Хабар 24: Getty Images

Жалын шамамен 250-300 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртеніп жатқан ғимараттан өрт сөндірушілер жедел түрде 4 газ және 2 оттегі баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 83 қызметкері мен 22 техникасы жұмылдырылып, өрт 18:50-де өшірілді. Оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Айта кетейік, бүгін оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаев онлайн-конференция барысында сауда орталығындағы адамдар мен олар үшін кімнің жауап беретіні туралы айтты.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

"Қорғаныс шараларын сақтау үшін жауапкершілік дүкендердің әкімшілігіне жүктеледі. 42 500 берілген кезде адамдар банктерге шабуыл жасады, содан кейін орындықтар қойылып, арнайы белгілер жасалды.
Адамдар қашықтықты сақтай бастады. Дүкенде де келушілердің ішке кіруін қамтамасыз ететін адам болуы керек. Бес адам кірді, қалғандары көшеде тұруы керек, біз Батыста мұның қаншалықты ұйымдастырылғанын көріп жүрміз, бізде де солай болуы қажет", - деді Сағынтаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда жазғы дәмхана өртеніп кетті