RU

Әлемдегі ең қарт ер адам өмірден озды

Биылғы жылдың наурыз айында әлемдегі ең қарт ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Роберт Уейтон 112 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең қарт ер адам дүниеген озды
Фото: dailystar.co.uk: UGC

Бұрынғы оқытушы әрі инженер Роберт Уейтон 1908 жылы Англияның Халл қаласында дүниеге келген.

Ол испан тұмауын, дүниежүзілік соғысты және Кеңес үкіметінің құлдырауын басынан өткерген.

Қарияның отбасы одан өкпе қатерлі ісігіне жататын Панкост ісігі диагнозы анықталғанын жеткізді. Алайда олардың сөзінше, ер адам ешқашан темекі шекпеген.

"Роберт керемет жан еді. Ол айналасында болып жатқан дүниелерге аса қызығушылықпен қарап, әлемнің әр түкпірінде жүрген адамдармен араласқанды ұнататын. Кез келген жанды өзінің бауыры не қарындасы ретінде қабылдайтын", - деді қарттың жанұясы.

Роберт Уейтонның артында екі ұлы мен қызы, 10 немересі мен 25 шөбересі қалды.

Айта кетейік, биылғы жылы 23 ақпанда 112 жастағы жапониялық Титэцу Ватанабэ қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт ер адам атағы Роберт Уэйтонға берілді. Жапония тұрғыны 112 жасында дүние салды.

Айта кетейік, сондай-ақ, бұған дейін Тәжікстанда үш ғасырды көрген Фотима Мирзокулова әжейдің 127 жасында өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857982-lemdegi-e-kart-er-adam-mirden-ozdy.html