RU

Қазақстанның оңтүстігінде 44 градусқа дейін ыстық күтілуде

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында күн ыстық болып, ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстігінде 44 градусқа дейін ыстық күтілуде
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Күндіз 2 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

2-4 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 2-4 маусымда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

2 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 2 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қаласында күндіз 2 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

1 маусымға Павлодар облысында, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 18 м/с.

1 маусымда күндіз Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

1 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында түнде және таңертең 01 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 01 маусымда шығыстан соғатын жел, батыс бағытына ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 1 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз шығыстан соғатын жел, батыс бағытына ауысады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

1 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 1 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 1-2 маусымда Түркістан облысының батыс аймағында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында күндіз 1-2 маусымда 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858413-kazakstanny-otstiginde-44-graduska-dejin-ystyk-ktilude.html