Выйти
RU

Күні кеше ашылған "барахолканың" қазіргі тыныс-тіршілігі қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1 маусымнан бастап Алматыдағы ең ірі базарлардың бірі – "барахолка" ашылды. Әзірге киім-кешек және көтерме сауда нүктелерінің жұмысы қайта жанданған. Екі ай бойы қызметі тоқтаған базардың төтенше жағдайдан кейінгі тіршілігі жайлы KAZ.NUR.KZ порталы KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда ашылған "барахолканың" қазіргі тыныс-тіршілігі

Сюжеттегі кадр: КТК арнасы

Оңтүсікт астанада әйгілі "барахолка"кеше тұрғындарға есігін айқара ашты. Екі ай бойы тіршілігі тұралаған базардың жұмысы енді қайта жанданады.

Тіпті, алғашқы күннің өзінде мұнда келген тұтынушылардың қарасы қалың болған.

Карантинде табыссыз қалып, тауарлары тау болып үйілген кәсіпкерлер де бұл күнді асыға күткен. Не дегенмен шекараның жабылуы мен доллардың қымбаттауы кәсіп үшін ауыр соққы болған.

"Екі ай ашылған жоқ. Үйден шықпай жаттық. Дезинфекция жасап жатты. Ешқайда шыққан жоқпыз. Тауар бағасы долларға байланысты. Долар көтеріліп кетсе, баға өсіп кетуі мүмкін", – дейді кәсіпкер Айсұлу Жайшиева.

Базар ішінде қорғаныш құралдарының саудасы да қайнап тұр. Өйткені әр сатушыға бетперде тағып, кіреберіске антисептик қою міндеттелген. Сондай-ақ, олар бутикке бір адамнан артық кіргізбей, әр кезде арақашықтықтың сақталуын қадағалап отыруы керек.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Жүк тасып, күнделікті нәпақасын тауып жүргендер де білек сыбана жұмысқа кіріскен. Жата-жата жалыққанын айтқан жұмысшылар карантин уақытында қарызға белшесінен батқанын да жасырмайды.

"Жұмысқа шыққан дұрыс қой. Базардың ашылғаны да дұрыс. Қуанып жатырмыз. Қиын болды. Жұмыссыз жатып қалдық қой. Бала-шағаны бағу керек. Бәрінің тірлігі осы", – дейді жүк тасушы Төребек Төлепов.

Айта кетейік, "Олжа", "Барыс", "Адем" базарлары әлі ашылмаған. Ашық аспан астында қаз-қатар тізіліп, жабайы сауда жасайтындар да жұмысын бастамаған.

Сонымен қатар коронавирус қаупі сейілмейінше, сауда орындары санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс, карантин талабын сақтамаған сауда нүктелері қайта жабылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 1 маусымнан бастап қандай нысандар жұмысын қайта бастағанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Күні кеше ашылған "барахолканың" қазіргі тыныс-тіршілігі қандай