Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тортқа арналған шоколадты қалай еріту керек

Опубликовано:

Тәтті торттың үстіне ерітілген шоколад жағу - оны безендірудің кең тараған түрі. Оны дайындау да айтарлықтай қиынға соқпайды. Шоколадты торттың бетіне біркелкі етіп жағу үшін оны қалай еріту керек екенін біздің материалымыздан оқыңыз.

Тортқа арналған шоколадты қалай еріту керек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шоколадты ерітудің екі әдісі бар, олардың бірі оңай әрі жылдам. Сонымен, дайын шоколадты буда және микротолқынды пеште еріткен оңай.

Бірақ бір ескеретін жайт бар: Егер шоколад қызып кетсе, онда торттың үстіндегі глазурь үш сағаттан кейін сынып кетеді. Сонымен қатар, тым жоғары температурада ол тым қоюланып торттың үстінде түйір пайда болады. Сондай-ақ, микротолқынды пеште ол күйіп, жағымсыз ащы дәм беруі де мүмкін. Сондықтан шоколадты микротолқынды пеште ерітпеген жөн.

Тағы бір ерекшелікті ескеріңіз. Тортты бұзып алмау үшін ерітілген шоколадқа ешқашан су құймаңыз және оның бетін жаппаңыз. Себеі су шоколадты созылғыштығынан айырып, консистенциясы өте сұйық массаға айналдырады. Нәтижесінде сіз ойлаған глазурь шықпайды.

Қара шоколадты сапалы түрде еріту үшін мына нұсқауларды орындаңыз: Үлкен ыдысқа су құйып, қайнатыңыз. Диаметрі одан кіші ыдсқа ұсақталған шоколад кесектерін салыңыз.

Су қайнаған кезде отты төмендетіңіз. Шоколад салынған ыдысты ыстық судың бетіне қойыңыз. Ыдыстың түбі қайнаған суға тимей тұрғанын және су тамшылардың шоколадқа шашырап кетпеуін мұқият қадағалаңыз.

100 грамм коколадқа 20-30 г сары май қосыңыз, содан кейін майлылығы 30-40% 2 ас қасық кілегей құйыңыз. Барлық ингредиенттерді араластыру үшін қоспаны үнемі силикон шпателмен араластырып тұыңыз.

Барлық процедураның уақыты 10 минуттан аспайды. Алайда нәтижесі ойдағыдай шығады. Ерітілген шоколад торттың бетіне біркелкі жағылып, салқындаған кезде қытырлақ тегіс қабыққа ие болады.

Ақ шоколадты қалай ерітуге болады

Қара түсті шоколадқа қарағанда ақ шоколадты еріту қиынырақ. Мұндай десертте какао майы өте аз, сондықтан торттың беті тегіс шықпауы мүмкін.

Ақ шоколадты ерітудің оңай тәселі

Алдымен кәстрөлге су қайнатыңыз. Су қайнай бастаған кезде, отты өшіріп, көпіршіктер жоғалғанша күтіңіз. Содан кейін ғана оның үстіне шоколад салынған табақты қойыңыз.

Егер сіз торттың сыртына ақ шоколадпен жазу жазбақшы болсаңыз, онда оны еріту үшін кілегей де май да қоспаңыз. Шоколад біркелкі болғанша ерітіңіз.

Торттың үстіне ақ шоколадты жаққыңыз келсе, еріген ақ шоколадқа бір стақан қант ұнтағы мен 3 пайыздық 2 ас қасық сүт қоспасын қосыңыз.

Шоколад-сүт-қант қоспасы біркелкі болу үшін блендерді қолданыңыз. Тортқа ақ шоколадты құяр алдында оның жылығанын тексеру керек, сонымен қатар торттың өзі ыстық болмауы қажет.

Ал шоколадты жағу үшін қамырға арналған құралды немесе қасықты қолданыңыз.

Егер тортты шоколады ағып тұрғандай етіп безендіргіңіз келсе, рецептке кілегей мен май қосыңыз. 125 грамм шоколадқа 3 ас қасық кілегей және 50 г май жетеді.

Барлық ингредиенттерді бір уақытта ыдысқа салып, буда ерітіңіз. Тортты әсем етіп безендіру үшін шоколадты ұсынылған рецептерді қолдана отырып ерітіңіз. Процедура 10 минуттан аспайды. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, торт сіз ойлағаннан да жақсы шығады. Кейін нәтижесімен бөлісуді ұмытпаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1858686-tortka-arnalgan-sokoladty-kalaj-eritu-kerek/

pixel