Выйти
RU

"Тырнағы болмаған": Шымкенттегі жас жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін Шымкенттегі жаппай төбелестен кейін комаға түсіп, күні кеше ауруханада көз жұмған 17 жастағы жігіт жайлы хабарлаған едік. Бұл оқиғаға қатысты мән-жайды Шымкент қалалық полиция департаменті баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жігіттің тырнағы болмаған": Шымкенттегі даулы істің мән-жайы белгілі болды

Фото: otyrar.kz сайтынан алынды

Ведомствоның мәліметінше, 23 мамырда полицияға үш жеткіншектің балалар ауруханасына жеткізілгендігі туралы хабарлама түскен. Олардың барлығы әртүрлі жарақат алған. Арасында марқұм Абзал да болған.

Ол кезде іс кәмелетке толмаған адамға қатысты бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бабы бойынша қозғалған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде полиция 22 мамыр күні түнгі он екі жарымда дүкен жанында 10 жасөспірім мен 18 жастағы жігіттің арасында төбелес болғанын анықтады. Осыдан кейін үш бозбала медициналық мекемеге жеткізілген. Қалғандары қашып кетті.

Сол түні тәртіп сақшылары төбелеске қатысы бар балалалардың барлығын анықтаған. Олардың бесеуі қамауға алынып, екеуі қолхатпен босатылып, біреуіне іздеу жарияланған.

2 маусымда зардап шеккендердің бірі қайтыс болған. Сол күні іс жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабына ауыстырылған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сонымен қатар, 3 маусымда тәртіп сақшылары Шымкент қалалық балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты іс қозғаған. Материал кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны туралы қылмыстық бап бойынша қаралмақ.

Айта кетейік, Абзалдың жаппай төбелесткен кейін комаға түскен жайлы алғаш ағасы хабарлаған болатын. Оның сөзінше, төбелестен кейін бозбаланың құлағынан қан ағып, саусағында тырнақтары болмаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тырнағы болмаған": Шымкенттегі жас жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты