Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда бір тәулік ішінде 1,3 мың адам коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Бразилияда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған 1 349 тіркеліп, вирус жұқтырғандардың саны 28 мыңға артқан. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бразилияда тәулік ішінде 1,3 мың адам коронавирустан көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға тұрақтаған, ал вирустан өлім-жітім саны бойынша төртінші орында тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елде COVID-19-дың 584 016 жағдайы расталған, 32 548 адам қайтыс болған, 238 мыңнан аса пациент ауруынан айығып кеткен.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметінше, әлемде 6,2 миллионнан аса инфекция жұқтыру фактісі тіркелсе, шамамен 380 мың адам көз жұмған.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр. Онда 2 миллион адамнан COVID-19 анықталған. Қайтыс болғандар 109 мыңды құрап отыр.

Ал елдегі жағдайға келер болсақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 271 адамнан коронавирус табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858816-braziliada-bir-tulik-isinde-13-my-adam-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel