Выйти
RU

"Дайын болу керек": Біртанов коронавирустың екінші толқыны туралы хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен брифингте биылғы күзде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дайын болу керек": Біртанов Қазақстандағы Covid-19-дың екінші толқыны туралы хабарлады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Елжан Біртанов елдегі коронавирустың жағдайы туралы айтты.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы жылдың маусым айына коронавируспен ауыратындар саны бойынша қандай болжам жасайтынын сұрады.

Сонымен қатар республикада коронавирустың екінші толқыны қашан болатындығы туралы болжам жасауды өтінді.

Елжан Біртанов елдегі бірінші толқын сәуірдің екінші жартысында байқалғанын айтты. Вирус жұқтыру деңгейі азайған соң мамыр айының ортасынан бастап қайта өсім байқалды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Covid-19-дың "екінші" толқыны келе жатыр.

Министр бүкіл әлемде елеулі толқынның болуы мүмкін екеніне назар аударды. Бұл әдетте қазан айында басталатын тұмау мен ЖРВИ-дің маусымдық эпидемиясына байланысты болады.

Алайда Біртанов коронавирустың таралуы артқан кезде қатаң шаралар күшейтілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Денсаулық сақтау министрі оның ведомствосы тиісті дайындық жүргізіп жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, іс жүзінде инфрақұрылым күшейіп, ауруханалар салынуда, маскалар мен бір реттік қорғау костюмдері, тестілер өндірісінің көлемі ондаған есеге артқан.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

"Біз дайындалып жатырмыз", - деді ол.

Санитарлық және инфекцияға қарсы қызметтер күшейтіліп, нығайтылуда. Біртанов вирус бәсеңдегенше немесе халықты жаппай иммундау жүргізілмейінше Cоvid-19-дың бірнеше толқыны болуы мүмкін екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біртанов Қазақстандағы карантинді жеңілдетудің мәнін түсіндірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дайын болу керек": Біртанов коронавирустың екінші толқыны туралы хабарлады