Выйти
RU

Алматы әкімдігі қалада ұйымдастырылған митингіні заңсыз деп атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда бүгін, 6 маусым күні ұйымдастырылған митинг заңсыз болып саналады. Қала әкімдігі осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

vbnbyu

Фото: Sputnik Қазақстан

"Әкімдікке бейбіт митинг өткізу туралы заңнамаға сәйкес хабарланбады. Сондықтан әлеуметтік желіде тарап жатқан митингіге шақырулар заңсыз болып табылады", - деді қалалық әкімдікте. 

Жергілікті атқарушы билік заңсыз митинг ұйымдастырып, өткізу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. 

  • "Қазақстанда бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу туралы" заң бойынша қалалық әкімдікке 5 күн бұрын хабарлау керек. Заң талабына сәйкес, бейбіт жиындар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин алматылық тұрғындарға арнап мәлімдеме жасаған болатын.

"Қалада жалғасып жатқан эпидемия жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығын қатерге тігу жауапсыздық.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адамдардың көп шоғырланып, жақын байланысқа түсуі азаматтардың жаппай вирус жұқтыруына соқтырады. Ондай жағдай көптеген елдер мен қалалардың басынан өтті.

Митингілер, көп адамның шоғырлануы азаматтардың жаппай вирус жұқтыруына жағдай жасайды. Егер ондай шаралар адамдардың инфекция жұқтыруына әкеліп соқса – ұйымдастырушылар заңға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті, қылмыстық жауапкершілік тартылуы мүмкін", - деді Алматының бас санитары.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімдігі қалада ұйымдастырылған митингіні заңсыз деп атады