Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жасына дейін 200-ге жуық елді аралаған бойжеткен жайлы не білеміз

Опубликовано:

Америкалық Лекси Алфордтың өміріне қызықпай қоймайтын жан жоқ шығар. Ол 21 жасына дейін 196 елді аралап шыққан. Осы жетістігі үшін тіпті, Лекси Гиннесстің рекордтар кітабына бүкіл ғаламшарды айналып өткен тарихтағы ең жас адам ретінде енбекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

21 жасына дейін 200-ге жуық елді аралаған бойжеткен жайлы не білеміз
Фото: instagram.com/lexielimitless: UGC

2019 жылдың 31 мамырында 21 жастағы америкалық Лекси Алфорд Солтүстік Кореяға да келді. Осылайша ол әлемнің барлық елдерінде болған ең жас саяхатшы атанды.

Бойжеткен өзінің саяхаттарына қатысты дәлелдерді Гиннесс ұйымына ұсынуда, оның рекорды жақын арада ресми түрде расталып, жарияланбақ.

Жас саяхатшы жетістікке жету жолын бала күнінен бастаған. Оның ата-анасы турагенттіктің иелері. Альфордтың айтуынша, сол себепті де саяхаттау - бала кезінен оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

Альфорд сәби күнінен ата-анасымен бірге көптеген экзотикалық жерлерді көріп, Аргентинадағы Ушуаядан бастап, Камбоджаның ауылдарына дейін барған.

Ал 18 жасқа келгенде Лекси әлемнің 72 елінде болып үлгергенін, ал бұл әлемдік рекордтың жартысы екенін түсінді.

Сол сәттен бастап ол әлемнің барлық елдеріне саяхаттауды мақсат еткен. Үш жылдан кейін Лекси дегеніне жетті.

Солтүстік Корея Альфорд тізіміндегі соңғы ел болды, алайда оның аумағына жету оңай болған жоқ.

Америкалықтардың КХДР-ға келуіне қатаң тыйым салынғандықтан, Лекси қулыққа баруға мәжбүр болды. Гиннестің рекордтар кітабында ол Панмунжомға (Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен қауіпсіздік аймағындағы орынға) бару - КХДР-ға барумен тең екені жазылған қызықты ережені тауып алды.

Сондай-ақ, бойжеткеннің сөзінше, Африкада оның жүріп-тұруы қиынға соққан. Себебі мұнда жолаушы тасымалдайтын қауіпсіз транспорт өте қымбат тұрады. Жергілікті тұрғындар туристер үшін бағаларды едәуір жоғарылатып жіберген.

Лекси өзінің барлық сапарларын өз қалтасынан төлейтіндіктен, үнемдеу мәселесі ол үшін өткір мәселе болып табылады. Сондықтан саяхатшы іс жүзінде ұялы телефонды пайдаланбайды және басқа елдерде жүргенде жатақханаларда және арзан қонақ үйлерде түнейді.

Instagram-дағы парақшасында Лекси елдер бойынша маршруттар құру, арзан тұрғын үй, билет табу мәселелеріне қатысты өз кеңестерін беріп отырады.

Калифорнияда Лекси ата-анасымен бірге тұрады, бұл оған ақшаны үнемдеуге айтарлықтай көмектеседі. Саяхаттау кезінде бойжеткен отбасылық туристік агенттіктің кеңесші болып қашықтықтан жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жедел жәрдем көлігін сәнді баспанаға айналдырған қос ғашықтың әлемді тамсандырғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859345-21-zasyna-dejin-200-ge-zuyk-eldi-aralagan-aru-ginnessti-rekordtar-kitabyna-endi/

pixel