RU

Карантин: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

Қызылордада коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай толығымен тұрақтандырылғанға дейін шектеулер күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Қызыл жаңа
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүгінгі таңда өңірде вирус жұқтырудың 465 дерегі анықталды. Негізгі бөлігі облыс орталығына тиесілі.

Осыған байланысты "Қамбаш" демалыс аймағының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі ауыстырылды. Мейрамханаларда қандай да бір мерекелер бойынша ұжымдық және отбасылық жиындарға тыйым салынуда.

Компьютерлік клубтардың, мото - және лотерея кеңселерінің, бильярд клубтарының жұмысына, пәтерлер мен үйлерді жалға беру бойынша қызметтеріне қатысты шектеулер қолданылады.

Балаларға арналған жабық ойын алаңдары жұмыс істемейді. Сонымен қатар, санитарлық талаптардың сақталуына рейдтерге қатысу үшін мобильді топтар мен әскери бөлімдердің сарбаздары тартылатын патрульдер арқылы бақылау жасалады.

Бүгінгі таңда облыста санитарлық нормаларды бұзғаны үшін екі шаруашылық нысанға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Материалдар сотқа жолданады.

Вирус жұқтырғандар санын азайтуға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңа Зеландияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың барлығының емделіп шыққаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859367-kyzylordada-sekteu-saralary-ksejtildi.html