Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады

Опубликовано:

Злаковое поле
Злаковое поле: pixabay.com

Биыл Қызылорда облыс бойынша 183,1 мың гектар жерге егiн егу жоспарланған. Оның ішінде: дәндi дақылдар 95,7 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, малазықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектар.

Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар. Осы уақытта алқаптардағы 86 989 гектарға дән себіліп, 86 989 гектар егіс толық суға бастырылған.

Қазіргі таңда, ерте егілетін дақылдар жаздық бидай, арпа,сұлы, мақсары, қант құмайы толығымен орналастырылған.

Сонымен қатар, картоп, көкөніс, бақша және басқада дақылдарды егу жұмыстары аяқталуға жақын. Атап айтқанда, бүгінгі күні 3,5 мың га картоп, 4,7 мың га көкөніс, 6,9 мың га бақша, 927 га сүрлемдік  жүгері, 155 гектарға тары, 65 га малазықтық асқабақ егілген.

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: UGC

Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-ші орымын жинауға кірісіп кетті. Күтімге алынған 42,2 мың га ескі жоңышқаның 3,2 мың га тұқымға қалдырылса, орылуға тиісті 38,9 мың га жоңышқаның 11,5 мың га орақ түсті. Малазығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859423-kyzylorda-oblysynda-egin-egu-zmystary-10-mausymga-dejin-tolyk-aaktalady/

pixel