2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Жаппай жиналуға тыйым салынды: Түркістан облысында карантин ұзартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Түркістан облысы аумағында карантин уақыты ұзартылды. Осыған байланысты облыста бірқатар шектеу шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында карантин ұзартылды

Фото: NUR.KZ

Әкім орынбасарының айтуынша, аймақ тұрғындары жарияланған карантин шараларына түсіністікпен қарау керек. Қалқаманов оларды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

"8 маусымдағы мәлімет бойынша, аймақта коронавирус инфекциясының расталған 400 жағдайы тіркелді. Олардың 257-сі індетінен айыққан. 84 науқас инфекцияны сырттан жұқтырып әкелген: Нұр-Сұлтаннан – 1, Ақтаудан – 1, Атыраудан – 31, Алматыдан – 2, Шымкенттен – 2, Қызылордадан – 1, Павлодардан – 1, Ресейден – 5, Түркиядан – 1, Өзбекстаннан – 37, Жезқазғаннан – 2. Біз коронавирустың таралуына жауапкершілікпен қарауымыз керек", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режиміндегі бірқатар қажетті шараларды атап өтті.

"Өңірде екі немесе одан да көп адам серуендеу кезінде қорғаныс бетперделерін киюі керек. Қоғамдық орындардағы адамдар арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Азаматтарға саябақтарда, алаңдарда және жағалауларда маска режиміне сәйкес жүруге рұқсат етіледі. Бұл жерлерде отбасылық мерекелер тойлауға және жаппай жиналуға тыйым салынған. Жерлеу кезінде бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін жинауға рұқсат етіледі", – деді Нышанов.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сауда, ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, түнгі клубтарда және мал базарларында ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шараларды, балалар ойын алаңдарының қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, карантин кезінде бірқатар мекемелер барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істей алады. Атап айтқанда, медициналық орталықтарға, стоматологиялық емханаларға, сұлулық салондарына, шаштаразға алдын ала жазылу бойынша баруға болады.

Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес базарлары 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Белгіленген уақытта құрылыс дүкендері, оптика, гүл дүкендері мен үй жануарлары сатылатын дүкендер жұмыс істейді.

Техникалық қызмет көрсету станциялары (СТО), көлік жуу, дөңгелек жөндеу орталықтары, автобөлшектер сататын дүкендердің, автокөлік дүкендерінің жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады.

Әрі кетсе 50 орындық қоғамдық тамақтану орындары және халыққа қызмет көрсететін басқа да нысандар сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық және күшейтілген дезинфекциялық режимге сәйкес Түлкібас ауданындағы "Самал" балалар сауықтыру лагеріне кезекші топтардағы, балалар үйіндегі, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар демалады. Ал Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккен балаларды жазғы сауықтыру үшін Сарыағаш ауданының "Балдәурен" демалыс лагері жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетсек, Алматы облысында коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары күшейтілгенін жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаппай жиналуға тыйым салынды: Түркістан облысында карантин ұзартылды