Выйти
RU

"Дұрыс жасадым": Танысын өлтіріп, денесін аулаға көмген қылмыскер өз оқиғасын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйгерім Загитова 7 жылдан бері Павлодар түрмесінде психолог болып жұмыс істейді. Ол өз тәжірибесінде көптеген жантүршігерлік оқиғаларды естігенін алға тартты. Дегенмен, маман өз жұмысын жақсы көреді және көмек қолын созуға тырысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бәрін дұрыс жасадым": Ер адам танысын тұншықтырып, денесін өз моншасында көмген

Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар колониясында сотталғандар әрдайым қағаз алып, бірінші реттен ойындағысын қағазға түсіре алмай жатады.

Психологтың сөзінше, мұндай кездері адам өз қорқынышының көзіне тіке қарауы керек. Десе де мұны оңайлықпен жасайтындар да бар.

Солардың бірі - колонияда жазасын өтеп жатқанына 11 жыл болған Олег есімді азамат. Ол АП-162/4-те кісі өлтіргені үшін қамауда отыр.

Қылмыскер 2008 жылы болған оқиғалар туралы ашық айтады және жасаған ісіне еш өкінбейді. Ер адам бұған дейін ұрлық жасағаны үшін түрмеде отырыпты.

Бостандыққа шыққан соң үйіне кеткен. Содан кейін жұмысқа тұрыпты, алайда ол кезде оның ағасы колонияға түскен көрінеді.

Олегтің өткен өмірі туыстарының "мазасын" ала беріпті. Оның туысы Василий есімді әлдебіреуден қарыз алған. Көп ұзамай ер адам ақшасын қайтарып ау үшін олардың үйіне келгіштей бастайды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Олег кісі өлтірген күні үйіне достары келгенін алға тартты. Олар бірге отырып, ішімдік ішіп, әңгіме-дүкен құрған. Сол кезде Василий келіп, ақшасын қайтаруды талап етеді. Нәтижесінде төбелес басталған.

Олегтің достары үйдің ішінде отырғанда, ол сыртта Василиймен жаға жыртысыпты.

Төбелес кезінде ол көшеттерге арналған штанганы алып, онымен қарсыласын ұрады. Содан кейін арқанды ұстап, ер азаматты тұншықтыра бастайды.

Олегтің сөзінше, ол жіпті қатты тартып жіберген, содан кейін шетте тұрып, темекі шеккен. Василий тыныс ала алмай, кейіннен қайтыс болады. Олег оның денесін өзінің моншасында көміп тастаған. Туыстары марқұмды іздеп, полицияға да жүгінеді. Олег тіпті іздестіру жұмыстарына өзі қатысқан көрінеді.

Василийдің мәйіті 9 айдан соң кездейсоқ табылады. Тұтқынның анасы бақшаны кеңейтуді ұйғарып, жерде қаптап жүрген құрттарды көреді.

"Ауа райы бұлтты болды, бұл құрттар сол кезде шықты. Олай болмаған жағдайда Васьканың ол жерде жатқанын ешкім білмей қалар еді.

Жоқ, менің түсіме ол кірген жоқ, арым да мазаламады. Қалыпты өмір сүріп, жұмыс та істеп жүрдім.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Мен оны өлтірмесем, ол мені өлтіретін еді. Мені не анамды тағы ренжітуіне бұл ретте жол бере алмадым. Сол себепті бәрін дұрыс жасадым деп ойлаймын. Өз жазамды өтеп келемін", - дейді Олег.

АП-162/4-те қай бөлімге кірсең де осыған ұқсас оқиғаларды жиі естисің. Бұл жерде кісі өлтірушілер, педофилдер, зорлаушылар жазасын өтеп жатыр және олар "арнайы контингент" деп аталады.

Жазасын өтеп жатқандарды оңалтудың бір тәсілі - оларға өз құрбандарына хат жазуға мүмкіндік беру. Десе де әркім өзінің не істегенін түсіне бермейді, сондықтан олар кейде қолына қалам ала алмайды.

"Мен психологтың жұмысы түрмедегі жаралы жандарды "емдеуде" негізгі рөлді атқарады деп санаймын. Ең бастысы,біз сотталған адамға ертеңгі күніне деген үміт, күш пен сенім сыйлаймыз, оның бойынан тұлғаны, адамды көруге көмектесеміз.
Сондай-ақ, әр оқиғаны бойыңыздан өткізбеген өте маңызды. Әріптестерімнің айтуы бойынша, "жұмысты жұмыста қалдыру керек". Кешке кеңсені жауып, үйге қайтып бара жатқанда мен отбасыма кешкі асқа не дайындаймын деп ойлай бастаймын", - дейді психолог Әйгерім Загитова.

Айта кетейік, Олег 12 жылға сотталған, бір жылдан кейін бостандыққа шыға алады. Сонымен қатар, ол колонияда слесарь оқуын оқып жүр, түрмеден босағаннан кейін анасына барады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дұрыс жасадым": Танысын өлтіріп, денесін аулаға көмген қылмыскер өз оқиғасын айтты