Выйти
RU

Ұлттық банк теңгенің нығаюына не себеп болғанын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк басшысы маусым айында Қазақстанның валюта нарығы сыртқы және ішкі жағымды факторлардың әсерінен дамығанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық банк теңгенің нығаюына не себеп болғанын түсіндірді

Фото: NUR.KZ

Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы факторлардың бірі – мұнай бағасының өсуі. Бұл өз кезегінде Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын елдердің валюталарына оң әсерін тигізді.

Мәселен, Ресей рублі осы айда 5,7% нығайды және 1 доллар 70,14 рубльді құрады. Еуро да 1,3%-ға нығая түсті, 1 еуро бағасы 1,11 долларға дейін болды.

Теңгеге қосымша қолдау Ұлттық қордан жоспарланған сату арқылы қамтамасыз етілді. Бұл республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт бөлу үшін қажет болды.

Жалпы, Ұлттық банк басшысының айтуынша, әлемдік мұнай бағасының өсуі жағымды ішкі факторлармен бірге мамырдағы теңгенің айырбас бағамының 3,1% нығаюына ықпал етті, яғни 1 доллар үшін 424,57-ден 411,55 теңгеге дейін.

  • Сауда нәтижесі бойынша 8 маусымда орташа бағам 1 доллар үшін 397,27 теңгеге нығайды.

Еске салсақ, 8 маусымда NUR.KZ доллар бағасының құлдырауы туралы хабарлады. Ол кезде оның құны 397 теңгеден асып кеткен еді. Доллар бағасының құлдырауы аясында ұлттық валюта екі теңгеден де артық "қайтара" алды. Сонымен бірге, айырбастау пункттерінде доллардың бағасы 399-дан 399,8 теңгеге дейін өзгерді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00 жағдай бойынша доллар орташа бағамы 396,77 теңгені (-5,50) құрағанын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлттық банк теңгенің нығаюына не себеп болғанын түсіндірді