Выйти
RU

Коронавирус: Екібастұзда 63 жастағы әже екі аптаға жетпес уақытта қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

63 жастағы әже тыныс алуының қиындауы мен қызуының көтерілгеніне шағымданып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Әжеден бірден коронавирусқа сынама алынады, бірақ нәтижесі тегіс болып шықты. Екінші сынама науқас жансақтау бөлімінде жатқан кезде алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының тұрғыны коронавирус жұқтырғанына 2 апта толмай қайтыс болды

Фото: pixabay.com

Екібастұз тұрғынының жағдайы қарқынды түрде нашарлай беріпті.

Әжей дәрігерлерге 26 мамырда хабарласқан, ал 8 маусым күні таңертең дәрігерлер науқастың қайтыс болғанын анықтады.

Денсаулық сақтау басқармасы науқастың созылмалы аурулары болғанын, оның ішінде май алмасуы бұзылған, гипертония және эндокриндік аурулары бар екенін хабарлады.

Қария ауруханаға жеткізілгенде, ол ентігу мен дене қызуының жоғарылауын айтып, шағымданған.

Үш күннен кейін алынған алғашқы тест теріс нәтиже береді. Сонымен қатар, сол күні ол жансақтау бөліміне ауыстырылады, өйткені жағдайы барған сайын нашарлай түскен. Дәрігерлер екінші рет сынама алғанда ғана тест оң нәтиже көрсетеді.

Екі күннен кейін Екібастұз қаласының тұрғыны өкпені жасанды желдету аппаратына қосылады. Тағы 5 күн өткен соң әжей көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Комиссия бұл өлімді COVID-19 санатына жатқызуға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавируспен тіркелген науқастардың саны 301-ге дейін өсті. Өткен аптадағы өсім 36 пайыздан асты.

Еске салсақ, елімізде тағы 215 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13 074-ке жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Екібастұзда 63 жастағы әже екі аптаға жетпес уақытта қайтыс болды