Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі BTS тобындағы жігіттердің өмірбаяны және олар жайлы қызықты фактілер

Опубликовано:

Танымал Big Hit Entertainment құрған жастар бойз-бэнді. Продюсерлер топ мүшелерін іріктеп, таңдап алу үшін үш жыл уақыт жұмсады. Бастысы - бекер емес. Болашақ жұлдыздардың басын қосуға кеткен уақыт өзін ақтады. Санаулы айлар ішінде топ әлем бойынша хип-хоп жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алды. BTS жігіттері әлемдік музыкалық рейтингтердің көбісінде көш бастап, ауқымды алдын ала тапсырыстарды жинап қана қоймай, өзіндік жекеменшік әлемін құрды. Оңтүстік Кореяның жұлдызды тобы туралы қызықты фактілерді біздің материалдан біле аласыздар.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC

BTS: Топтың өмірбаяны

Big Hit Entertainment ұсынған жаңа заманауи жобаның басты аудиториясы - жасөспірімдер. Орындаушылар әдемі ән шырқап, сахнада жақсы қимылдауға тиіс болды. Олардың өлеңдері әлем бойынша жас жеткіншектер мен жас қыздардың жантебіренісімен байланысты болуға негізделді.

Продюсерлер жаңа оңтүстіккорейлік бойз-бэнд үшін лайықты әрі құлаққа жағымды атау іздеп тапты. Ол топтың әндерді халыққа заманауи үлгіде ұсынуын білдірді. Топтың күрделі музыкасы әншілердің сымбатты бейнелерімен үйлесті. Ұжым алған сахналық атау - "Оқөтпес скауттар" (BTS атауының мағынасы мен аудармасы) болып бекіді. Бастапқыда жігіттер бұл атауды келеке еткенімен, кейін ұсынылған имиджге үйреніп кетті.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC

BTS тобы өзінің шығармашылық жолын ғаламтор кеңістігін жаулаудан бастады. Олар заманауи музыка сүйер тыңдармандар үшін нағыз жұмбақ болды. Музыкадағы жастарға тән стиль жанкүйерлері бұл жұмбақты тез табуға асықты.

BTS мүшелері туралы көп нәрсе фотолардан белгілі болса, "БТС" шығармашылығы жайлы ұжымның өмірбаяны тарқатпақ:

  • "БТС" туындауы.

Big Hit Entertainment "БТС" құрамын екі жыл бойы таңдады (2010–2011). Нәтижесінде продюсерлер тек 2012 жылы ғана топ мүшелерін нақты түрде бекітті. Bangtan Boys тобының музыкалық кеңістікте пайда болуы сырға толы болды: YouTube желісінде олардың дебюттік туындылары пайда болып, Twitter желісінде ұжым қатысушылары жолдаған хабарламалар тарады.

  • Күллі әлемді бағындырған жастық шақ туралы трилогия.

Хип-хоп жанкүйерлері 2013 жылы топтың "2 Cool 4 Skool" мен "O!RUL8,2?" атты мини-альбомдарына тәнті болды. Жастар қауымына олардың заманауи тұжырымдамасы, стандартқа сай емес әрі мәнін түсінуге қиын болып келетін жастар проблемасын көтергені қатты ұнады. Трилогия әрбір жас жеткіншектің жүрегіне жақын мектеп романтикасына толы болды.

"Skool Luv Affair" — трилогияның аяқтаушы бөлімі. Ол 2014 жылы жарыққа шықты. Ол кезде BTS тобы Жапониядағы меломандар үшін өз музыкалық туындыларының арнайы топтамасын жасап шығарды. Жапониялық альбом "Wake Up" деген атауға ие болды.

  • Жастық шақ дилогиясы мен "Wings" альбомы.

Келесі үш жылда топ ұсынған альбомдар мен жобалар:

1. Есею туралы екі альбомдық жоба ("The Most Beautiful Moment in Life", 2015). Бұл жинақ америкалық Fuse телеарнасының бағалауы бойынша жылдың үздік 27 әндерінің қатарына кірді. Жинақтың басты синглы саналған "I Need U" әніне түсірілген бейнебаянды алғашқы 16 сағатта топтың бір миллионнан аса жанкүйері көрді.

2. 2016 жылдың қазан айында BTS жастық шақ тақырыбын "Wings" (басты синглы— "Blood Sweat & Tears") альбомында жалғастырды.

3. Бір жылдан кейін топ "Wings: You Never Walk Alone" атты кеңейтілген альбом ұсынды. "Spring Day" бейнебаяны Еуропа мен Азияны жаулап, бірінші тәулікте-ақ тоғыз миллионнан астам қаралым жинады. Бұл ән Гонконг, Финляндия, Сингапур, Тайвань, тіпті Қазақстан жастарына да жетті. Алайда, бұл рекордты кейін "Бүгін емес" әніне түсірілген клип жаңартты.

Оны релиз сәтінен бастап бірінші тәулікте он миллионнан астам жанкүйер көрген.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC

Әлемдік атақ: Марапаттаулар мен турлар

2017 жылы топ Beyond the Scene (есік ашушылар, алға ұмтылушылар) деген атауының жаңа мағынасын алады. Бұл аралықта жігіттер сан түрлі марапаттауларға ие болды:

1. Мектеп кездері туралы трилогиясын Mnet Asian Music Awards-тағы екі номинациясымен атап өтті. Тыңдармандар жүрегін жаулап жатқан сәтінде BTS мүшелерінің ойдан құрастырылған арнадағы пародиялық шоуда бой көрсетуі топ танымалдылығын одан бетер арттыра түсті.

2. Аталмыш ұжым "Кореяға көпір", KCON (АҚШ), Summer Sonic Festival (Жапония) секілді фестивальдарға қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болады. Оған Азия, Америка және Австралия бойынша жасалған турлар өз септігін тигізді. Олар "Жылдың үздік альбомы" номинациясында жеңіске жетіп, "The Most Beautiful Moment in Life: Young Forever" әні үшін MelOn Music Awards 2016 жүлдесін иеленеді.

3. 2017 жылы BTS тизер-фотолары пайда болады. Олар "Өзіңді сүй" атты дорамалық жобаның дайындығын жарнамалаған. Бұл жобаның атауын топтың "Love Yourself: Her" деген бесінші мини-альбомы берді. "DNA" атты басты сингле таспаланған бейнебаянды бірінші тәулікте 20 млн адам қараған. Бұл туындының жетістігінен "Idol" әні ("Love Yourself: Answer" альбомы) асып түсті. Ол 24 сағатта YouTube желісінде 45 млн қаралымға ие болды.

4. Кореялық орындаушылар әлеуметтік желілерде аса танымал әрі сұранысқа ие болып табылады. Billboard журналы бұл жайтты ескеріп, жігіттерді жүлдемен марапаттайды.

"БТС" — музыкамен ғана айналысып қоймай, гуманитарлық миссияны да орындайтын топ. Олар ЮНИСЕФ ұйымдастырған зорлыққа қарсы жобаға қатысады. Жігіттер 2018 жылы өткен БҰҰ отырысында бұл жоба аясында өзіңе деген махаббаттың маңыздылығын көтерді.

Топ құрмындағы жігіттер

Өз алдына аса үйлесімді ұжым болып табылатын Bangtan Boys жанкүйерлер форумдары мен әлеуметтік желілерде ерекше талқыға ие. Егер ұжымның қаһармандарымен таныс болмасаңыз, BTS тобында кімнің кім екенін білуге есімдері жазылған фотолар көмектеседі. Топтағы ең үлкен жігіттің 27 жаста болса, ең кішісі 22-де. Ғаламтор кеңістігінде топ мүшелері туралы мынадай ақпараттар бар:

  • Ким Намджун (лақап аты — Рэп Монстр, АрЭм) — топ көшбасшысы, 2020 жылы ол 26 жасқа толады.

Намджун Ильсан қаласынан шыққан. Алайда, біраз уақытын АҚШ пен Жаңа Зеландияда өткізді. Ол отбасында тұңғыш бала (өзінен кіші қарындасы бар), жоғарғы IQ көрсеткішіне ие — 148. Намджун тілдерді тез үйренеді (ағылшын мен жапон тілдерінде еркін сөйлей алады).

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC
  • Ким Сок Джин (Ким Сокчин) — топ келбеті (лақап аты — Джин). Топ мемберлері арасында оның жасы ең үлкен болып табылады. Әнші 27-де.

Оның туған жері — Квачхон (Кёнгидо провинциясы). Ким Сок Джин ерекше сымбатқа ие, шымыр жігіт. Ол дене формасын бір қалыпта ұстап тұру үшін жаттығу залында көп уақыт өткізіп, өз тамақтану тәртібін қадағалайды. Әншіге диета ұстау қиын беріледі. Себебі, ол ас жақсы әзірлеу біледі және тамақ жегенді жақсы көреді. Ким Сок Джин бала кезінде өзін болашақта детектив ретінде көрген. Ол әншілік мансабын тіпті ойламаған да болып шықты.

Бүгінде ән орындау оның басты жұмысы болса да (ол Конкук университетінің өнер мен актерлік саласы бойынша дипом алды), әншінің өзге қызығушылықтарын шектемейді. Жас жігіт жан-жақты білім алғысы келгендіктен, Ханянг университетіне оқуға түсті.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Instagram
  • Мин Юнги (лақап аты — Сюга). 27 жастағы жігіт BTS тобында рэпер-орындаушы ғана емес, музыкалық туындылардың композиторы әрі өңдеушісі. Мин Юнгидің туған жері - Тэгу қаласы.

Сюга сөздерді ұйқастыру өнеріне ие. Бұл талант оның жасөспірім кезінде пайда болды: ол он үш жасында ән жазып, MIDI меңгеріп, он жеті жасында дыбысжазушы студияда жұмыс істеді. BTS тобындағы мансабына дейін ол Gloss есімді рэпер ретінде танымал болды.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Getty Images
  • Ким Тэхëн (Ким Тхэхён, Ким Тэхэн) — 24 жастағы бас вокалист (лақап аты — Ви). Ол да Мин Юнги секілді Тэгу қаласында туып өсті.

Ви отбасында тұңғыш бала, одан кейін кішкентай қарындасы мен інісі бар. Ол өз әкесін өмірлік үлгі санайды. Ақкөңіл әрі ақылды адам. Ким музыкаға бала күнінен қызықты. Орта мектепте тіпті саксофон сабақтарына қатысты. Ви керемет баритонға ие. Көптеген музыка сыншыларының айтуынша, оның жіңішке үндестілігі топтың басты дауысы болып табылады.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Instagram
  • Чон Хосок (лақап аты — Джей-Хоуп) — 26 жастағы рэп орындаушы, биші.

Ол Кванджуда дүниеге келді. Хосок отбасында ең кенже бала. Одан үлкен әпкесі бар. "БТС" тобындағы жұмысына дейін Neuron тобында биледі. 2008 жылы болған ұлттық би біріншілігінде топ жарды. Ырғаққа деген махаббат оның рэп жанрына қызығушылығын оятып, BTS ұжымына алып келді.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Instagram
  • Чон Чонгук (Чон Джонгук) — топтың ең жас мүшесі, вокалист.

Ол Пусан қаласында туған. Отбасында екінші бала. Бастапқыда бадминтон ойынына қызығып, спорттық мансапты армандады. Алайда, G-Dragon-ның өнеріне аса тәнті болып, музыкамен айналысуға бел буады.

Ол он төрт жасында "Суперстар К" таланттар шоуында кастингтен өткенімен, финалға жетпеді. Алайда, оған қарамастан бірден жеті компаниядан ұсыныс алды. Әнші жігіт Ким Намджунның дарынына тамсанып, Big Hit Entertainment орталығын таңдады.

2012 жылдың жазында ол лос-анджелестік студияларда өз хореографиясын шыңдап, GLAM атты әйелдер ұжымының бишісі болды. Чонгук жоғары өнер мектебінде оқыды. Концерттік бағдарламалардың тығыздығы салдарынан ууниверситетке түсуден бас тартты.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Twitter
  • Пак Чимин де аталмыш топта сахналық есімі жоқ әншілердің бірі

Жас жігіт 2019 жылдың қазан айында 24 жасқа толды. Чимин топта вокалист болып табылады.

Бойз-бэндтің бұл мүшесінің кіші отаны - Пусан метрополиясының солтүстік бөлігі. Ол отбасында ортаншы бала. Чимин орта мектепте локинг және поппинг сияқты ерекше би стильдеріне қызықты. Жоғары мектепте заманауи сахналық биді үйренді. Көркемдік білімінен бөлек (2014 жылы Корей өнер мектебін тәмамдады), Сеул университетінде кибернетиканы оықп жатыр.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: Instagram

BTS тобы — түсінігі мен шығармашылығын виртуалды әлем, әлеуметтік желілер әлемі құрайтын бойз-бэнд. Жеткіншектер өзін еркін сезінетін ғаламтор кеңістігі оңтүстіккорейлік топ үшін әлемдік атаққа жетер жолында нағыз трамплинг болды.

BTS жайлы жаңалықтар

"БТС" — өз жетістіктерін қарқынды көбейтіп жатқан топ. Сол себепті, ұжым өмірінен алынған ерекше фактілер мен топтың шығармашылық жетістіктері жайлы ақпараттар қалың көпшілік үшін әрдайым қызық болады. Жанкүйерлер назарын өзіне аудартатын BTS жұмысындағы айрықша фактілер мынадай:

1. Ким Намджун мен Айронның дуэті — продюсерлердің алғаш ойлап тапқан жоспары. Алайда, концепция толығымен өзгеріске ұшырап, топты жеті адамнан құрды. Пак Чимин ұжымға ең соңғы болып кірген әрі ең аз уақыт сынақтан өткен (ол небәрі бір жыл ғана дайындалды, қалғандары үш жыл) әнші болып табылады.

2. Дарынды жігіттер стажер кезінде де жүзден аса туынды жазып үлгерді. Мәтін мен аранжировка - Намджун мен Сюганың жауапкерішілігіндегі дүние. J-Hope арасында оларға қосылып тұрады.

3. Мемберлер дебютке арналған әнді жиырма рет өзгертті.

4. Олардың шығармашылық мансабы басынан бері альбом тираждары 300 есеге өсті.

5. BTS тобының мүшелерінде фанаттарына арналған жекеменшік мейрамханалары бар.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC

BTS тобында жанкүйерлері қуантып, музыкалық әлемді тепе-теңдікте ұстап тұратын жаңалықтары бар:

1. 2018 жылдың қазан айында топ мүшелері Корей республикасының мемлекеттік марапатына "Мәдениет саласындағы еңбегі үшін" берілетін орденге ие болды.

2. 2019 жылдың қыс айында Save Me веб-комиксінің бірінші бөлімі жарыққа шықты. Онда басты рөлдерді "БТС" жігіттері сомдады. Топ әншілерінің әрқайсысы (Комикс сюжеті "Жастық шақ" трилогиясы бойынша өрбіді) өз өмір жолымен жүрген.

3. Бойз-бэнд мүшелері 2019 жылы "Love Yourself in Seoul" мен "BTS: Bring the Soul" атты фильмдерін дайындап қойды.

4. "Map of the Soul: Persona" — алтыншы мини-альбом. Ол 2019 жылдың сәуір айында шығып, алдын ала тапсырыс беру рекордын жаңартты. Альбом шығар күні ол үш миллион данадан асып түсті. Мини-альбом 80 мемлекеттің музыкалық рейтингтерінде көш бастады.

5. 2019 жылы жазда "Мир BTS" мобильді ойыны пайда болды.

6. 2020 жылдың қаңтарында топ "Грэммидің" 62-марапаттауында америкалық Lil Nas X атты рэпермен "Old Town Road" әнін орындады.

Фото: Википедия
Фото: Википедия: UGC

BTS құрамы сансыз жанкүйерлер жасағына ие. Олардың өзіндік әлемі бар. Ол топ пен оның мүшелері туралы тизерлар, фотолар, бейнебаяндар мен қысқаметрлік кинолар арасындағы байланыстырушы құрал болып табылады.

"БТС" — өзін-өзі жасап шығар жол іздеген заманауи жастық шақтың уайымы мен үрейін көрсете алатын корейлік топ. Жанкүйерлер топ әндерінің мән-мағынасына ғана емес, әншілердің бірдей қимылдауы, пластикасы мен сыматына тамсанады.

Шоу-бизнес әлемінде болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келе ма? Қазақстанда оқылымы ең көп NUR.KZ сайтының журналистерінен ең соңғы ақпараттары біздің Яндекс Дзен каналымыздан ала аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859555-jgili-bts-katysusylaryny-mirbaany-zne-olar-zajly-kyzykty-faktiler/

pixel