Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Опубликовано:

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді. Ал жұма намазына қатысты шешім әлі қабылданбады. Бұл туралы діни басқарманың баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Мешіттерде таң, бесін, екінті намазы мен ақшам және құптан намазын санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жамағатпен оқуға рұқсат етілді", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі.

Діни басқарма жұма намазын жамағатпен оқуға қатысты шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Ал мешіттердегі намаз кезінде жалпы аумақтың 30 пайызына дейін толтыруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, діни мекемелердегі шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлі де өзгеруі мүмкін. Яғни, күшейтілуі немесе жеңілдетілуі ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Ал 18 мамырдан мешіттер ашыла бастады.

Бастапқыда тек жеке намаз оқу мен Құран оқуға және неке қию рәсімдеріне ғана рұқсат етілген болатын.

Сонымен қатар мешіттердің жұмыс уақыты да шектелген. Яғни таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық болады. Осыған байланысты биыл қасиетті Қадір түнін де қазақстандықтар үйде қарсы алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859568-eldegi-mesitterde-zamagatpen-namaz-okuga-rksat-etildi/

pixel