Выйти
RU

Алматыда полицейге қол көтерген белсенді үш жылға қамалуы мүмкін (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада белсенділердің бірінің тәртіп сақшысына қол көтерген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті. Әйел адам бұл әрекетінен кейін қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Оқиға 6 маусым күні Алматыдағы митинг кезінде болған.

Кадрлардан митинг қатысушыларының бірінің айғай салып, полиция қызметкеріне қол көтергенін көруге болады. Соққыдан тәртіп сақшысының бас киімі ұшып кеткен.

Заң тұрғысынан қарағанда, әйел адам қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкеріне күш қолданған. Ол қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Белсендіге қатысты құқық қорғау органдарының қызметкеріне қарсы күш қолдану және тіл тигізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот кінәлі деп таныса, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізуге арналған арнайы орындар, сонымен қатар оларды пайдалану тәртібі мен қатысушылар саны бойынша норма бекітілгенін хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда полицейге қол көтерген белсенді үш жылға қамалуы мүмкін (видео)