2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Әйелдерге тиісуді доғарыңдар": Аружан Жазылбекова даулы роликке пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актриса Аружан Жазылбекова қысқа киінген ару туралы атышулы бейнероликке қатысты бар ойын айтты. Кино саласының жұлдызы қызу талқыланып жатқан видеоны түсіргендерді сынап қана қоймай, барша ерлер қауымына шүйлікті. Ол қыз-келіншектер құқығының тапталуына жол бермейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/arujazz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/arujazz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қысқа юбка киген қыздың видеосы Аружан Жазылбековаға аса қатты әсер еткен көрінеді. Актриса атышулы роликті түсіргендерге қатты ашуланып, Instagram парақшасында азулы жазба жариялады.

Оған қоса, киножұлдыз бейнежазбада орын алған заңсыз әрекеттерді тізіп шықты.

"Ақылгөй ер адам мен бойжеткен туралы жиіркенішті ролик жайында пікір білдіргім келіп тұр. Меніңше, мұндай адамдарға ешкімнің өмірі мен ар-намысына қол сұғуға болмайтынын айтып түсіндіру мүмкін емес сияқты. Ол жерде бірден аурухана. Алайда, басқа маңызды нәрсені оларға жеткізу керек.
Заң бар. Қыз баланы көлігіне қамап, оған ақыл айту - заңға қайшы әрекет. Бұл өз алдына адам ұрлау, оны бостандығынан заңсыз түрде айыру болып есептеледі. Мұндай әрекеттер үшін түрмеге тоғытылады. Бойжеткенді жезөкше деп атау - заңға қайшы. Бұл моральдік тұрғыдан зиян келтіру. Ол үшін айыппұл төлейтін боласыз.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қүрметті ер азаматтар, сіздерге салт-дәстүрлер мен дәстүрлі тәртіп ұнайды ма? Жақсы. Онда уақыт машинасын жасап шығарыңыздар. Бәріміз сол уақытқа оралайық. Алайда, қазір барлығы болашаққа қарап, ғарышты бағындырып жатыр. Сендер болсаңдар әйелдерге жабысып қалдыңдар. Мінді өздеріңнен іздеу керек. Сен Илон Маск сияқтысың ба? Ракета ұшырдың ба? Жоқ па? Онда бар да жұмысыңды істе! Қысқа юбка саған кедергі болып тұр ма? Кальяныңды шегіп, психотерапевтке жүгін. Өз ауытқушылықтарыңды емдет. Әйелдерге тиісе беруді доғарыңдар. Одан да барып тірлік істеңдер. Аяулы қыздар сіздерге қалай киіну керек екені мен қоғамда өздеріңізді қалай ұстау керектігін үйретуге ешкімнің құқығы жоқ" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұл даулы оқиғаға қатысты өз пікірімен Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да бөлісті. Ол аталмыш видеоны көріп, өзге ер адамдардың қысқа киген қыздарға бас салмайтынына кім кепіл екенін жазды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әйелдерге тиісуді доғарыңдар": Аружан Жазылбекова даулы роликке пікір білдірді