Выйти
RU

"Жүрісінен білініп тұр": Мөлдір Әуелбекованың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бүгінде ел аузында. Бұған дейін желі қолданушылары әншінің жолдасы кім екенін біле алмай әлек болса, енді өнер иесінің аяғы ауыр екенін жарыса болжауда. Олардың мұндай тұжырымына эстрада жұлдызының тарап кеткен видеосы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте тұрмысқа шыққанына риза болған жанкүйерлері енді тіптен қуанып жатқанын жазуда. Желідегілер өнер иесінің видеосына қарап, оның жүкті екенін болжап жатыр.

Халықтың қызу талқысын әншінің Instagram желісіндегі фан-парақшаларының бірінде жарияланған видео тудырған. Онда шоу-бизнес жұлдызының елордадағы адамдар көп жүретін көпірмен серуендеп келе жатқанын көруге болады. Ол басына қара орамал тартып, үстіне кең киім киіп алған.

Оған қоса, Әуелбекова өзін танып жатқан отандастарымен суретке де түсуден қашпады.

Өнер иесінің өмірін жіті бақылап жүретін желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаның астында қызу пікірталас ұйымдастырған.

"Құтты болсын, аяғыңыз ауыр екен" , "Жақында ғана тұрмысқа шықты ғой. Жүкті сияқты" , "Құтты болсын, бөпелі болайын деп жүр екенсіз" , "Аяғыңыз ауыр ма?" , "Шынымен екіқабат екен. Жүрісінен көрініп тұр" , Аяғы ауыр сияқты ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алайда, әншінің өзі де оның ресми өкілі де жүктілікке қатысты ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққалы киіну стилін өзгертіп тастады. Өнер иесі басына орамал тағып, жабық киім-кешектерді таңдайтын болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жүрісінен білініп тұр": Мөлдір Әуелбекованың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па (видео)