Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап, бала күтушіні соққыға жықты деп күдіктелуде

Опубликовано:

Оңтүстік астанада ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше пышақ жарақатын салып және бала күтушіні соққыға жықты деп күдіктелуде. Оқиға 28 мамырда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы SVET қоғамдық қорының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қоғамдық қор өкілдері мәлім еткендей, ер адам бала күтушінің ізіне түсіп, бұрынғы әйелінің мекенжайын біліп алған.

Сөтіп үйге кіріп, алдымен бала күтушіні соққыға жыққан. Кейін бұрынғы әйелін жатын бөлмеге қамап алып, сабаған, тіпті, үш рет пышақ жарақатын салған.

Бала күтуші мен әйелдің көршілері полиция мен жедел жәрдем шақырған. Тәртіп сақшылары ер адамды ұстаған. Алайда, ол ертесіне жәбірленушіге телефон соғып, қысым көрсеткен екен.

Әйел адам болған оқиғадан кейін шошып қалған, қазір онымен психолотар және қорғаушы жұмыс істеуде.

Сондай-ақ қоғамдық қордың мәліметінше, жәбірленуші бұрынғы күйеуімен ресми түрде ажырасып, бөлек тұрғанына үш жыл болған. Оған дейін ер адамның тарапынан психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа төзіп келген көрінеді.

Алматы қаласының полиция департаменті хабарлағандай, аталған істі Бостандық ауданының басқармасы тергеуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижесінде қорытынды процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық арудың жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859985-almatyda-er-adam-bryngy-jelin-pysaktap-bala-ktusini-sokkyga-zykty-dep-kdiktelude/

pixel