Выйти
RU

Тәжік милициясы көшеде маскасыз жүрген жастарды ұстай бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Душанбе милициясы 10 маусымда "Жасөспірім" ауқымды операциясын өткізді. Құқық қорғаушылар көшеде медициналық маскасыз жүрген жастарды тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орта Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Тәжік милициясы көшеде маскасыз жүрген жастарды ұстай бастады

Көрнекі фото: Current time

Тәртіп сақшылары оларды милиция учаскесіне апармаған, бірақ эпидемия кезінде маскасыз көшеге шығуға болмайтынын түсіндірген.

Айта кетерлік жайт, Тәжікстанда коронавирусқа байланысты карантин жарияланған жоқ, сол себепті милиция тұрғындардың серуендеуіне тыйым сала алмайды.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, маскасыз жастарды ұстау операциясы күнде жүргізіледі. Бір күннің ішінде милиция тоқсанға жуық жасөспірімді тоқтатқан, сегізін арнайы мекемеге жеткізген.

Милиция көшеге себепсіз шыққан жасөспірімдерді ғана ұстайды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 15 маусымнан бастап қорғаныс құралдарын пайдаланбаған тәжікстандықтарға айыппұл сала алады. Айыппұл көлемі - 28 доллар.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар COVID-19 бойынша ең қауіпсіз елдердің тізімін жасағанын жазған едік.

Ортаазиялық мемлекет арасында Қазақстан ең қауіпсіз ел (рейтингтегі 71-орын) ретінде танылды. Одан кейін тізімді Қырғызстан (108-орын), Өзбекстан (121-орын), Тәжікстан (124- орын) және Түркіменстан (131-орын) жалғастырған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тәжік милициясы көшеде маскасыз жүрген жастарды ұстай бастады