Выйти
RU

Тоқаев cенат депутаттарының сайлауы өтетін күнді бекітті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

12 тамызда елімізде парламент сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев сенат сайлауын тағайындады

Фото: Ақорда

Назарларыңызға президент қаулысының толық мәтінін ұсынамыз.

Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев cенат депутаттарының сайлауы өтетін күнді бекітті