Выйти
RU

Хабибтің бауыры UFC-де бағын сынап көрмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов ұйымда шілде айында алғаш рет өнер көрсетпек. Бұл туралы спортшының менеджері Ризван Магомедов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Нурмагомедовтың бауыры UFC-де дебют жасайды

Фото: РИА Новости

Спортшының менеджері Ризван Магомедовтің айтуынша, ресейліктің қатысуымен болатын кездесу Абу-Дабидегі "жекпе-жек аралында" өтетінін атап өтті.

Ол қарсыластың есімі мен басқа да толық мәліметтерді жария қылмады.

Айта кетейік, қаңтар айының аяғында Хабиб Нурмагомедов інісі Умардың UFC-дегі спортшылар қатарына қосылғанын хабарлаған еді.

Умар алғаш рет UFC 249 турнирында өнер көрсетуі керек еді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегеріліп, нәтижесінде 9 мамырда өтті.

24 жастағы Умар Нурмагомедов америкалық жаттықтырушы Хавьер Мендестің қоластында жаттығады. Жеңілістің ащы дәмін татпаған Умардың есебінде 12 жеңіс бар.

UFC турнирлер сериясы өтетін "жекпе-жек аралы" – Абу-Даби халықаралық әуежайының жанында орналасқан жасанды Яс аралы. 2009 жылы 36 миллиард долларға салынған аралдың ауданы 25 шаршы шақырымды құрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абделазиз спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың хал-жағдайын айтып берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабибтің бауыры UFC-де бағын сынап көрмек