Выйти
RU

14 жасында зорланып, ұлды болған қыз "31 арнаның" арқасында үйлі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Осы өрескел жағдайдан кейін сәбилі болған Қызғалдақ, өзіне қиянат жасаған адамның әкелік құқығын таныту үшін бағдарламаға келді. Кейіпкер басынан өткен оқиғаны 31 арнаның «Кел, татуласайық!» атты жаңа әлеуметтік жобасында баяндап берді.

14 жасында зорланған қыз 31 арнаның арқасында баспаналы болды!

Сол қайғылы жағдайдан соң араға 4 жыл салып, 18 жастағы өрімдей қыз бар күш-жігерін жинап, өмірінің орны толмас шындығын бүкіл әлемге жайып салады деп ешкім ойламады. Мыңдаған қазақстандық Қызғалдақтың өміріне бей-жай қарамады: кейбірі оны кінәласа, көпшілігі рухани демеу білдірді.

Бүгінде Қызғалдақ ұлын жалғыз тәрбиелеуде. Оның жобаға келу себебі - ұлын әкесінің атына жаздырып, алимент өндіру. Кейіпкеріміз ұлы екеуі ғана тұрады. Анасы қайтыс болған, ал әкесі үнемі жандарында бола алмайды. Вахталық жүйемен жұмыс жасайды.

Бірнеше эфирден соң, қоғам Қызғалдақтың өміріне бей-жай қарай алмаған сыңайлы. «Асыл Адам» қоғамдық қоры жастайынан жапа шеккен жалғызбасты анаға пәтер сыйлауды жөн көріпті. Жақында 31 арнаның түсіру тобы Қызғалдақ пен ұлына «Асыл Адам» қорының өкілі жаңа баспананың кілтін табыстау сәтінің куәсі болып қайтты.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

31 арнаның қазақтілді «Кел, татуласайық!» әлеуметтік бағдарламасы аз уақыттың ішінде Қазақстанның ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан сынды өзге де елдерде танымал бола бастағанын айта кетейік.

«Көп адамдар бұл бағдарламаны шоу деп ойлайды. Шындығында олай емес» - дейді жоба продюсері Гүлфариза Зулкашева. – Бұл жақындарымен ренжісіп, қиын жағдайға тап болған әр отбасыға, әр адамға қол ұшын созатын әлеуметтік жоба. Бүгінде бағдарламада 15-тен астам кейіпкер бар. Әрқайсысының өзіндік мұң-мұқтажы, ешкім білмейтін сыры бар».
«Жобаға қиындыққа тап болған тағы бір келіншек келді. Үш баласымен бірге моншада тұрыпты. Өзі мүгедек. Бағдарламаға келу себебі – балаларының әкесін табу. Сөзіне сүйенсек, күйеуі Өзбекстан азаматы екен. Еліне сол кеткеннен мол кетіпті. Отбасына қайтып оралмаған. «Кел, татуласайық!» бағдарламасын көрген бір меценат әлгі әйелге баспана тарту етті, - дейді жоба жетекшісі Гүлфариза Зулкашева. – Ал бүгін жобамызға туберкулездің ауыр формасымен ауыратын тағы бір әйел келді. Бірақ мемлекеттік комиссия оны мүгедектер тізіміне қоспай қойыпты. Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алғысы келеді. Ең қиыны, ол күйеуінің басқа адаммен тағдыр қосқанын қалап, «ажырасу туралы ұсынысты өзі айтыпты».

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

7 жыл бұрын жалғыз үйін сатып, ақшасын қызына берген әжейдің оқиғасын да «31 арна» көрермендері назарынан тыс қалдырмады. Қарт ана қызын 7 жыл күткен, ал қызы анасымен мүлде хабарласпай кеткен. Өмірден талай теперіш көрген кейуана үйсіз қалған. Қарттың өз ақшасына қызы кішкентай жер телімін әперген екен. Бірақ ол жерге жаңа баспана салу мүмкін емес. Көшеде күн көріп әбден қиналған әжей қызы алған ақшасын қайтарып, онымен табысу үшін біздің бағдарламаға келген.

«Өкінішке орай, бүгінде адамның материалдық жағдайына қарап бағалайды, - дейді продюсер, - ал біз осы бағдарлама арқылы адамдардың жылы қарым-қатынасы мен сыйластығы барлығынан маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Қызы анасымен татуласса, әкесі баласына көмек қолын соза алса дейміз. Болашақта бұдан да көп адамдарға көмектескіміз келеді».

«Кел, татуласайық!» бағдарламасы «31 арнада» жұмыс күндері – дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 14:30 - 17:00-де эфирде. Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді Алматы қаласының коды бойынша: 8 (727) 312 57 47, және 87073758534 ұялы телефондары арқылы қабылдаймыз. Бағдарлама инстаграмы: @kel_tatulasaiyq.

*PR құқында

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
14 жасында зорланып, ұлды болған қыз "31 арнаның" арқасында үйлі болды