Выйти
RU

"Бензин 8 теңгеге қымбаттайды": Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкін бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында елімізде көлік салығын алып тастау мәселесіне қатысты жауап берді. Ол салыққа жұмсалатын қаржыны бензин бағасына кіргізіп, төлем тек көлікті қолданған жағдайда ғана жүзеге асырылатындай болуы қаншалықты мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қаржы министрлігіне қарасты комитеттің төрағасы Марат Сұлтанғазиев көлік салығын бензин бағасына бөліп тастау нұсқасы бірқатар елде талқыланғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл мәселе Қазақстанда да қарастырылған. Алайда, аталмыш шараға ешкім бармады.

Сұлтанғазиев бүгінде еліміздегі көлік салығы өз алдына "молшылық салығы" болып табылатынын жеткізді. Себебі, салық төлемі автоның шыққан жылы мен литражына тікелей байланысты.

Егер салықты бензин бағасына іліп қойса, аз литражды автокөліктерді жүргізетіндерге асқан ауыртпалық түспек.

«Үлкен көлемді қозғалтқышы бар өзге көліктерге қарағанда бензин аз қолданған автолар бар. Оның үстіне олар анағұрлым көбірек жүреді. Олар таксопарктер мен қоғамық көліктер.
Бұл дегеніміз бар ауыртпалық соларға түспек. Егер былтыр мемлекет бойынша көлік салығына 73 млрд теңге төленіп, бензин литрі бүгінде акциздің 22 теңгесін құрағанын ескерсек, бензин бағасы сегіз теңгеге қымбаттамаз" , - деді Сұлтанғазиев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бензин 8 теңгеге қымбаттайды": Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкін бе