Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Елбасының алғыс хатымен марапатталды (фото, видео)

Опубликовано:

Белгілі әнші Қайрат Нұртас "Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына қосқан үлесі үшін Елбасы алғыс хатымен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kair_n
Фото: instagram.com/kair_n: Depositphotos

Қуанышты жаңалығымен өнер иесінің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

"Әлемді шарпыған короновирус індетімен күресу мақсатында еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан "Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына қосқан үлесіміз бағаланып, Елбасы алғыс хатымен марапатталдым!
Алғыс хатты "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ағамыз арнайы табыстады", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Байбек Елбасының бастамасымен мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша "Birgemiz" қоры мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын хабарлаған еді.

Байбектің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін ұйымдастыруды тапсырған.

Көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алған.

Сонымен қатар Jas Otan маңына топтасқан 5 мыңнан аса ерікті 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берген. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860221-kajrat-nrtas-elbasyny-algys-hatymen-marapttaldy-foto-video/

pixel