Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 258 дерегі тіркелді

Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте 258 адам коронавирус дертімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,8% құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 258 дерегі тіркелді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Аймақтар бойынша: Қарағанды облысы - 56 (3,9%) Нұр Сұлтан қаласы - 39 (1,5%) Алматы қаласы - 31 (1,0%) Батыс Қазақстан облысы - 24 (2,6%) Шығыс Қазақстан облысы - 18 (7,7%) Ақтөбе облысы - 14 (2,8%) Павлодар облысы - 13 (3,9%) Солтүстік Қазақстан облысы - 12 (14,3%) Шымкент қаласы - 10 (0,9%) Атырау облысы - 9 (0,7%) Алматы облысы - 7 (1,4%) Жамбыл облысы - 7 (1,5%) Маңғыстау облысы - 7 (1,9%) Ақмола облысы - 3 (1,6%- Қостанай облысы - 3 (1,4%) Түркістан облысы - 3 (0,7%) Қызылорда облысы - 2 (0,4%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 14496-ға жетті.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, президент коронавирус жұқтырған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860267-kazakstanda-koronavirus-zktyrudy-tagy-258-deregi-tirkeldi/

pixel