Выйти
RU

Пойызда бір қап алтынын ұмытып кеткен жолаушы іздестірілуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швейцария билігі пойыз вагонында 150 мың фунт тұратын бір қап алтынды ұмытып кеткен жолаушыны іздестіруде. Белгілі болғандай бағалы жүктің салмағы 3 келіні құрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пойызда бір қап алтынын ұмытып кеткен жолаушы іздестірілуде

Көрнекі фото: pixabay.com

Жолаушы алтын салынған жүкті Сент-Галлен және Люцерн қалалары арасындағы темір жол учаскесінде қалдырып кеткен.

Қаптың иесі табылмағандықтан оны іздестіру туралы хабарландыру жарияланды.

Айта кету керек, билік өкілдері алтынның иесін нақты қалай анықтайтынын айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жарты жолға келгенде ғана балаларын үйде ұмытып кеткені есіне түскен ананың қызу талқыға түскені туралы жазған болатынбыз.

Балаларын мектепке жеткізіп салған ана шын мәнінде оларды үйде ұмытып кеткенін айтып, желідегілердің ішек-сілесін қатырды. Әйел адамның айтуынша, ол білім беру ордасына бос көлікпен келген.

Келіншек мән-жайды түсінген кезде бірден қолына ұялы телефонын алып, видео түсіре бастайды.

Әйел адам камераға қарап, езуін жия алмай, қызық жайтты баяндап береді.

"Мен балаларымды мектепке апарып тастайын дегенмін. Сене алар емеспін. Мен оларды үйде ұмытып кетіппін", - дейді ол.

Желідегілер ұмытшақ ананың іс-әрекетіне бір күліп алып, оған түсіністікпен қарайтындарын да жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пойызда бір қап алтынын ұмытып кеткен жолаушы іздестірілуде