Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп полицияның адамдарға тұншықтыру әдісін қолдануына түбегейлі тыйым сала алмайтынын айтты

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп полиция қызметкерлерінің қара нәсілді Джордж Флойдты ұстау кезінде қолданған әдісіне тыйым салынғанымен, кейде ол тәсілдің пайдаға асатынын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дональд Трамп. Фото: whitehouse.gov
Дональд Трамп. Фото: whitehouse.gov: UGC

Мемлекет басшысы офицердің өміріне қауіп төнген уақытта осындай әдісті қолдануы әбден мүмкін екенін жасырмады. Сондықтан Трамп бұған түбегейлі тыйым салуға болмайтынын айтты.

"Маған тұншықтыру әдістері ұнамайды... (бірақ) кейде жалғыз қалғанда біреумен төбелессең, бұл қиын болуы мүмкін", - деп сөзін толықтырды Трамп.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамыр күні Миннеаполис қаласында полицейлерге жергілікті дүкеннің қызметкерінен қоңырау келіп түскен.

Құқық қорғаушылар тәртіп бұзушыны таппқан - ол 46 жастағы Джордж Флойд болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамды құрықтау кезінде оны жерге жығып, біреуі мойнының үстінен аяғымен басып тұрған. Тыныс алуы қиындаған Флойд есін жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

Бұл оқиға өз кезегінде қоғамның наразылғын тудырып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікікр білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860400-tramp-policiany-adamdarga-tnsyktyru-disin-koldanuyna-tbegejli-tyjym-sala-almajtynyn-ajtty/

pixel