Выйти
RU

Асхат Садырбай Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Асхат Садырбай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Ақпарат өкілі президент жанындағы Ұлттық кеңес құрамында бір жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тоқаевтың ерекше алғысына ие болған журналист бұл жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен. Асхат Садырбайдың Ұлттық кеңес құрамындағы бір жылдық еңбегі еленген.

"Ал, құттықтап қойыңыздар!) ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алғыс хат алдым! 12 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болғанына тура 1 жыл болды. Бұл жыл сан түрлі сынақтар мен қиындықтарға толы жыл болды. Кез-келген нәрсе ескіреді, тозады, әлсірейді. Қ.К.Тоқаевтың ел тізгінін қолына алған уақыттың тура осы кезеңге тап болуы, оған әлемді жайлаған індеттің келіп қосылуы мемлекет басшысының көкейінде сан сауалды туғызып қойғаны анық.

Бірақ президентіміз тосылып қалмады. Оның стратегиясын, кемелдігі мен парасаттылығын елдегі және әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да проблемаларға беріп отырған бағасы мен нақты шешімдерінен, қадамдарынан анық аңғаруға болады. Ең бастысы елдің амандығы мен бірлігі. Бірлік бар жерде тірлік бар. Тірлігі мен бірлігі жарасқан елдің берекесі де мол, болашағы да жарқын.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Осы орайда президент жанындағы Ұлттық кеңестің құрылғанына да биыл бір жылдай болып қалыпты. Біздің кеңеске мүше болғанымыз да, болмағанымыз да, кіргеніміз де, шыққанымыз да, жалпы кеңестің өзі де, сөзі де көп талқыланды. Сырттай сынағандар да, мінегендер де бар. Бірақ бос сөзден ештеңе шықпайтынын уақыт көрсетті. Ең бастысы біткен іс пен нақты нәтиже. Ол Конституцияда жүзеге асқан бірқатар өзгерістер мен толықтырулар және елдегі бірнеше салалардың дамуы мен ілгерілеуі үшін ұсынылған ұсыныстардың біртіндеп жүзеге аса бастауы.

Бүгін Кеңестің хатшысы, президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырза бізге президентіміздің арнайы алғыс хаты мен президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) «ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы» президент жарлығына қол қойылғанына бір жыл толуына орайластырып шығарылған «ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері» атты басылымын тарту етті" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың Елбасының алғыс хатымен марапатталғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асхат Садырбай Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды (фото)