Выйти
RU

Бір күнде жүзден аса адамға ем жүргізетін Ерболсын тіл-көзден қалай қорғанатынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ел арасында "үкілі бала" аталып кеткен емші Ерболсын Серікбаев KAZ.NUR.KZ-ке сұқбат беріп, көпшіліктің жиі қоятын сауалдарына жауап берді.

Фото: Ерболсын Серікбаевтың жеке мұрағатынан

Фото: Ерболсын Серікбаевтың жеке мұрағатынан: UGC

"Менен әлі күнге дейін "адам емдейсің бе?" деп сұрайтындар аз емес. Ем жүргізіп жүргеніме сегіз жылдай уақыт болды. Бұл да оңай жұмыс емес. Дертке шалдыққан кішкентай балаларды көру ауыр. Сал ауруына шалдыққан 14-15 жастағы балаларды шынашақтай аналары көтеріп тұрады. Баласына ем сұраған анаға қарау аянышты. Жүрегің ауырады. Оларға қолымнан келген көмекті аяғым келмейді.
Бірақ маған көре алмаушылық танытатын адамдар да аз емес. Үйінде отырып батыр болады. Бірақ алдыма келіп, жүзбе-жүз бірдеңе айтып жатқан ешкім жоқ. Өз басым біреудің өміріне араласпаймын. Ол шашын бояп алсын, сырға тағып алсын, әркімнің өмірі өзіне ерекше. Менің өмірім де солай. Өз өмірім өзіме ұнайды. Халыққа көмектесе беремін, батасын алып жүрмін. Бұл Алланың маған берген сыйы деп түсінемін. Алла жақсы көрген құлдарына сыйын, сынағын береді. Әркімнің өз жолы бар. Өз өмірлеріңіздің иесі болыңыздар", - дейді Ерболсын Серікбаев.

Тағы да оқыңыздар

Дауысымен талайды тамсандырған Жанар Дұғалованың актрисалық қыры жайлы не білеміз?

Емші өзінің өміріне қызығушылық танытып, көп сұрақ қоятындарға осылай жауап беруді ұйғарған.

"Желіге салған видео арқылы көп адамның сұрағына жауап бергім келді. Себебі сұрақтар көп келеді. Қазір мен күніге 150-ге жуық адамға ем жүргіземін. Мүмкіндігінше әр адаммен жұмыс істеуге тырысамын. Нәтиже бергім келеді. Алдыма келген әр адамға оның ауруын емдей алатынымды, не емдей алмайтынымды айтамын", - дейді ол.

Ерболсын қазір Нұр-Сұлтан қаласында ем жүргізіп атқанын айтты. Соңғы бір айдың ішінде Алматы, Ақтөбе, Жаңаөзен, Ақтау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларында адам қабылдаған. Көпшіліктің назарында жүрген емші өзінің де біреуден ем алатынын жасырған жоқ.

"Адамдардың ортасында жүрген соң тіл-көз болады. Сондықтан өзіме әрдайым Ясин сүресін оқимын және тұзбен шомыламын. Кейде тіл көздің де қағып түсіретін кездері болады. Денеңді көтере алмай сұлық жатып қаласың. Ол кезде екінші адамның көмегіне жүгінуге тура келеді. Мені де емдеп, тазалайтын адамдар бар", - дейді Ерболсын Серікбаев.

Тағы да оқыңыздар

Көздің ісігін басу үшін не істеу керек?

Ер жетіп, үкісін шешкен емші қазір медицина саласында білім алып, қабілетін дамытып жүр. Шекара ашылса Мәскеу қаласына баруды жоспарлап отыр. Айтуынша, Ресейде ем жүргізуді сұрап, көмек күтіп отырғандар көп.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуге екі рет барғанын, белгілі әнші Назиманың әндерін сүйіп тыңдайтынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір күнде жүзден аса адамға ем жүргізетін Ерболсын тіл-көзден қалай қорғанатынын айтты