Выйти
RU

"4 ота жасаттым": Серікбол Сайлаубек алғаш рет көзілдіріксіз келбетін көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубек алғаш рет көзілдіріксіз келбетін көрсетіп, көзіне жасалған оталары туралы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, әншінің бір көзі нашар көрсе, екіншісі тіптен көрмейді. Өнер исі денсаулығы салдарынан сахнаға үнемі қара түсті көзілдірік киіп шығуға мәжбүр деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Серікбол Сайлаубек көретін көзін 17 жасында төбелес кезінде зақымдаған болып шықты. Содан бері оны емдетіп келе жатқан әнші осымен төртінші ота жасатқан.

Дәрігерлердің болжамы бойынша бұл жұлдыздың көзіне жасалған соңғы операция екен. Егер нәтижесі жақсы болса , әншінің көру қабілеті отыз пайыздан сексен пайызға дейін көтерілмек.

"Мына көретін көзім жақсы көрген. Бірақ, 16-17 жасымда төбелес кезінде мұрным сынып, көретін көзім көрмей қалды. Оған хрусталь қойған. Ол көп уақыт тұрды. Кейде ұмытып кетеміз. Бізге негізі тез тұрып, тез қимылдауға, ауыр көтеруге болмайды. Кішкентай қызым сағынып жүгіріп келе жатқанда көтере қалғанымда хрусталь орнынан тайып кеткен. Ол көз торын жыртып жіберген. Хрустальді алып, торды қайта тікті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Көз торы жылжып кетпес үшін оған силикон қояды екен. Қазір жеті ай өтті. Сол силиконды алуға келдім. Жартысын алып тастағанымен, тағы қалды. Оны ертен және бүрсәкүні тазалайды. Бұл көретін көзіме жасалған төртінші ота. Осымен бітеді деген. Не болса да, жақсылықа жору керек. Көретін көз біреу болғаннан кейін, үш-төрт отадан кейін өзің де шаршайды екенсің. Бірақ, өмірге келгеннен кейін соңына дейін күресіп өтуіміз керек. Парызымыз.

Қолдау білдіріп жатқан өнердегі және өмірдегі достарыма рахмет, ағайын-туысқа алғысым шексіз. Басында отыз пайыз көрген көзім. Отадан кейін сексен пайыз көресің деп айтты. Бұйыртса аман-есен емделіп, өнерге міндетті түрде ораламын. Саханаға шығамыз. Сахан болмаса, мынадай денсаулықпен қайда барып жұмыс істейсің? Төрт баланы асырау керек. Шама келгенше сахнаны жағалап жүреміз, одан алыстамаймыз" , - деді өнер иесі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"4 ота жасаттым": Серікбол Сайлаубек алғаш рет көзілдіріксіз келбетін көрсетті (фото)