Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Нұр-Сұлтанда жаңбыр ұзағынан жауды. Нәтижесінде бас қала су астында қалды. Әкімдік ауа райының салдарымен қалай күресіп жатқандары туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)

Видеодағы кадрлар: instagram.com/za_rulem_astana

Елорда көшелерінің көрінісін әлеуметтік желі қолданушылары бірінен соң бірі жарыса жариялап жатыр.

Желідегі видеолардан Нұр-Сұлтандағы жолдардың жаңбыр суы астында қалғанын байқауға болады. Сол жағалаудың да, оң жағалаудың да көшелерін су басқан.

Алайда астана тұрғындары үшін бұл жағдай таңсық емес.

"Әдемі көрініс. Көліктер қайықша жүзіп жүр", "Жыл сайын сол баяғы жағдай қайталанады, елордада қалайша орталықтандырылған суағар жоғын түсінбей дал болдым", "Қала бір реттік жауынға шыдамайды, жеткен жеріміз осы", "Кәдімгі Венеция", "Бір сағат жаңбыр жауып еді, қала Венецияға айналды", "кешегі жауын-шашыннан кейін қала көшелері тағы су астында қалды. Теңізге барудың да қажеті жоқ", – деп жазды желіде астана тұрғындары.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты Қазгидрометтің мәліметтеріне сүйене отырып, өткен түнде мегаполисте ай сайынғы жауын-шашынның жартысынан көбі жауғанын хабарлады.

Жүзден астам арнайы техника, мотопомпалар мен сорғылар нөсер жаңбырдың салдарымен күрескені атап өтілді. Коммуналдық қызметтер 150 мың текше метр суды сорып алған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)

Фото: astana.gov.kz

Әкімдік мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елордада нөсер кәріздері белсенді түрде салынып жатқанын қоса кетті.

Ведомство Момышұлы көшесінде су тасқыны мәселесі осы маусымның соңына дейін шешіледі деп уәде берді. Мұнда магистраль коллектор салынады.

Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)

Фото: astana.gov.kz

Бұл мәселені шешу үшін Молодежный ықшамауданында кәріз тазарту қондырғылары салынуда, жеткізу коллекторы жөнделіп жатыр. Бұл бірден бірнеше көшедегі, атап айтсақ, Бараев, Иманбаев, Тәшенов және Уәлиханов, сондай-ақ Республика даңғылында су тасқынның алдын алады.

Құрылыс келесі жылға дейін аяқталады деп болжам жасалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)