Выйти
RU

"Өтке ота жасамаған жөн": Науқастарды шөппен емдейтін дәрігер басты құпиясын ашты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық емші Сүлеймен Маралбай сырқатқа ұшыраған жандарды ешқандай отаның көмегінсіз, табиғи шөптермен емдеуді қолға алды. Қазақтың дәстүрлі медицинасын ұстанған ол арнайы емхана ашып, әр адамның ағзасына лайықталған шөп-дәрілер дайындауда. Үш жыл ішінде 30 мыңнан аса адамның сауығып кетуіне себепші болған маман шөп-дәрімен емдеудің басты құпияларымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өтке ота жасамаған жөн": Науқастарды шөппен емдейтін дәрігер басты құпиясын ашты

Фото: Жеке мұрағат

Емші қазақтың дәстүрлі медецинасына Қытайға барып келгеннен кейін ден қойғанын сөз етті. Айтуынша, аспан асты елінде көптеген орталықтарда науқастарды химиялық дәрілердің көмегінсіз емдейді екен.

"Дәрігер болған соң, іссапармен Қытай еліне жиі жолым түсті. Сол жақта қазақтың дәстүрлі медицинасына жіті назар аударылғанын байқадым. Мемлекет қолдауымен ашылған үлкен орталықтарда химиялық дәрілердің көмегінсіз-ақ ауруынан айығып жатқанда адамдарды көп көрдім.
Ал біздің өз елімізде қазақтың дәстүрлі медицинасы әлі дұрыс жолға қойылмаған еді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында табиғи шөп-дәрілермен ем жүргізетін орталықты аштым", - дейді Сүлеймен Маралбай.

Маманның айтуынша, табиғи шөп-дәрілер жіті бақылаудан өтіп, арнайы дайындалады.

"Біз табиғи шөптерді маусым кезінде жинап, арнайы орындарда сабағын бөлек, тамырын бөлек, жапырағын бөлек жуып тазалап, кептіріп сақтаймыз. Сол жиналған шөптерден әр адамның ағзасына лайықтап, өзіміздің зерханада табиғи шөп дәрілер дайындап береміз.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Орталықта бауыр, өт, бүйрек ауруларына, сәби сүйе алмағандардың дертіне, тері ауруларына, қан-тамыр ауруларына арналған шөптер үлкен сұранысқа ие. Біз шөп дәрілерді дайындау барысында халқымыздың дәстүрлі емдеу тәсілдерінің рецепттеріне сүйене отырып, табиғи шөп дәрілер дайындаймыз", - дейді ол.

Әсіресе, өт жолында жиналған тастарды ерітетін дәріге сұраныс көп.

"Елімізде өт ауруына шалдыққандар өте көп. Өкініштісі сол, көпшілігі ем таба алмаған соң, өтін алдыртып тастайды. Ал өт алдырған соң, ауру одан сайын қоза түседі. Өт алынған соң созылмалы ұйқы безі аурулары асқынып, ас қорыту жүйесіне күш түсіп, ағзада өзгерістер бола бастайды.
Ер адамдарда қуық асты безінің қабынуына ота жасалады да, соның салдарынан несеп жолдарының аурулары қозады. Осындай дертке шалдыққандарды көп көрдім. Өзім маман ретінде өті ауыратындарға ота жасамай-ақ, табиғи жолмен емделуге кеңес беремін. Табиғи шөп-дәрілермен өттегі тасты ерітіп, отадан бас тартуға болады", - дейді ол.

Сондай-ақ, дәрігер қазақтың ұлттық тағамдарының күш-қуаты да көп екеніне тоқталды.

"Біріншіден, қазақтың ұлттық тағамдары мен өнімдері ешқандай химиялық қоспасыз дайындалады. Екіншіден, ас-қорыту жүйесін жеңілдетуге, қан айналым жүйесін жақсартуға таптырмас ем. Айта берсем, тағы да басқа пайдалы жақтары өте көп. Ұлтымыздың табиғи тағамдары мен өнімдерін, көп қолдануға кеңес беремін", - дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір күнде жүзден аса адамға ем жүргізетін Ерболсын тіл-көзден қалай қорғанатынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өтке ота жасамаған жөн": Науқастарды шөппен емдейтін дәрігер басты құпиясын ашты