Выйти
RU

"Қазақстанда бір ғана Қайрат бар": Айжан Нұрмағамбетова Түнтековке қолдау білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова сахнадан көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков үшін алаңдайтынын жасырмады. Ол "SuperStarKZ" жобасының жұлдызы шығармашылығын қайта қолға алғанын қалайды. Шоу-бизнес өкілі өнердегі інісінің даусын аса жоғары бағалап, эстрадада әзірге оның деңгейіне жеткен әнші жоқ екенін басып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram: tuntekov_k/aizhan_nurmagambetova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram: tuntekov_k/aizhan_nurmagambetova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айжан Нұрмағамбетова Қазақстанда тек бір ғана Қайрат бар екенін алға тартты. Ол дауысы да, стилі де ерекше Түнтеков екенін жеткізді.

"Қайраттың дауысына, өзінің рекше стиліне әлі ешкім жеткен жоқ деп айтамын. Әр әншінің өз жолы, стилі, қылығы бар. Қазақстанда бізде тек қана бір-ақ Қайрат бар. Ол жол апатыеа түскенде менің ренжігенім. Барлығы жақсы көреміз дейді. Бірақ, біреуі көмек қолын соза алмады. Камераға қарап та айта аламын. Құрметті шымкенттік жігіттер, кәсіпкерлер сол жағдайда қайда болдыңыздар? Өз жерлестеріңіз, топырағы Шымкенттен ғой.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Біз әртістер ақша жинайық дегенбіз. Әрине, біз кәсіпкер емеспіз. Тойдан түсетін ақымыз бар. Сол кезде біз жинайық дегенде Қайрат "жоқ, керек жоқ" деді. Неге көмектесетін бір кәсіпкер, жерлесі, досы табылмады ма? "Қайрат кім сенен сұрап жатқан? Міне бер де, шығармашылығыңды шыңда" деп жігіт табылған жоқ қой" , - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақстанда бір ғана Қайрат бар": Айжан Нұрмағамбетова Түнтековке қолдау білдірді