Выйти
RU

"Білдірмейді": Жолжақсынов жақын досы Тасмағамбетовтің қазіргі өмірі туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде дүрбелең туғызды. Саяси өзгерістер орын алған тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда, Ақорда мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты деп жазады KAZ.NUR.KZ Azattyq Rýhy cайтына сілтеме жасап.

"Білдірмейді": Белгілі актер Иманғали Тасмағамбетов жайлы бар шындықты айтты

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Иманғали Тасмағамбетов. Фото: gipoteza.net; Досхан Жолжақсынов. Фото: alashainasy.kz

Одан бері алты ай уақыт артта қалды.

Иманғали Нұрғалиұлы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болғанда Алматыда төбе көрсетті. Содан бері белгілі саясаткер бұқара алдына шыққан емес.

Тасмағамбетовтің жақын әрі үзеңгілес досы, Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан Жолжақсынов саясат сахнасынан кеткен белгілі тұлғаның немен айналысып жүргенін айтып берді.

Актер Иманғали Тасмағамбетовті соңғы рет 17 мамырда көрген, бірақ телефонмен жиі сөйлесіп тұрады екен.

Екі-үш күн Алматыда болып, жақында астанаға кетіпті. Жолжақсыновтың айтуынша, Тасмағамбетов негізінен немерелеріне қарайды. Олар екі қалада тұрады екен.

"Еш айтарлықтай жоспары жоқ. Емделіп, демалып, отбасы қасында, немерелеріне қарайды, бүкіл шаруасы осы. Кітап оқиды. Денсаулығына қарайды. Осындай енді. Таяқ ұстап тұрған кәрі емес. 63 жас деген пайғамбардың жасы дегенімізбен, Шариғат туралы, пәлсапалық тұжырымдар жайлы, жақсы-жақсы тәлімді әңгімелер айтатын жас қой бұл өзі", - дейді жақын досы туралы актер.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Жолжақсынов Тасмағамбетов жоғары жақтың шешімін қиналмай қабылдағанын айтты. Бірақ досы үшін белгілі актердің өзі күйінетін сияқты.  

"Айтпаса, сөздің атасы өледі. Қызметке келгенде нағыз тепсе темір үзетін кезі еді ғой. Біріншіден, өмірлік тәжірибесі де, қызмет, саясат жолында да тәжірибесі жетеді. Енді демалысқа шыққаннан кейінгі тірлігі осы болып қалды.

Бірақ оның көңілін, көкірегін ашып көру оңай шаруа емес. Өзі мықты азамат болған соң, білдірмейді. Негізі, іші-сыртының бәрі көзінен көрініп тұратын тазалығы бар. Бәріміздің тірлігіміз осы енді. Зейнетке шыққан соң 5-6 тиынды күтеміз. Ол немерелеріміздің ойыншығынан аспай қалады.

Ешқандай қоғамдық жұмысы жоқ. Қолдан келген дүниелерді елшілікте жүргенде де істеді. Сол жақтағы қазақтардың бас қосуына да, олардың ұлттық құндылықтарды тануына да біраз ықпал жасады.
Біраз батырларымыз бен тұлғаларымызға ескерткіш ашуға себепші болды. Қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір енді (қызметке - ред) шақырса да бармайтын шығар", - деп өкінішін білдірді Жолжақсынов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Білдірмейді": Жолжақсынов жақын досы Тасмағамбетовтің қазіргі өмірі туралы айтты