Выйти
RU

Асхат Садырбай ауыл өмірін көрсеткен "Шіркін life" жобасы туралы шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай өнер жұлдыздарын түрлі сынақтан өткізіп, "әуреге" салған атышулы "Шіркін life" жобасы туралы естеліктерімен бөлісті. Ол ауыл өмірін насихаттайтын бағдарламаны құру идеясы қалай туындағанын айтып, көрермендерді қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Асхат Садырбай болашақта "Шіркін life" жобасын қайтадан жаңғыртпақ ойы бар екенін жасырмады.

Журналист Instagram парақшасында сахнадан көз ашпайтын жұлдыздарды ауылдың тұрмыс-тіршілігіне үйреткен бағдарлама туралы жазбасын жариялады. Ол көпшілік сүйіп көрген теле-туындыны түсіру кезінде жүйкесі біраз жұқарғанын айтып қалды.

“Шіркін life” ! Неше жыл өтсе де көрерменнің есінен шығып кетпегеніне таңқалып, қуанам. Маған күн сайын осы жобаның жалғасы бола ма, түсірсеңіздерші, Маржан қайда жүр деген неше түрлі сауалдар келеді.

Аталмыш реалити шоудың авторы әрі ұйымдастырушысы ретінде қысқаша жауап берейін.

Сол кездегі “ЕлАрна” телеарнасының директоры Айгүл Мукей "ауылмен байланысты жоба қажет, ұсыныс беріңіздер" дегенде осы жобаны “Байланыс аясынан тыс жерде” деген атаумен жазып алып бардым.

Айгүл Адиятоллақызына идея бірден ұнады, атауын өзгертейік, ұзақтау екен деді. Мұндай атты таңдаған себебім телефонсыз, байланыссыз нағыз ауыл өміріне, тіршілігіне араласу дегенім еді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сосын ауылда да өмір бар, бәріміздің түп тамырымыз ауылда, шіркін өмір дей келе “Шіркін life” деген атау бердік. Бірден жанымдағы жүргізуші Маржан болады деп іштей шешіп қойдым.

Бірақ жобаның форматын құрастыру, түсірілім күндерін жоспарлау, алдын-ала түсірілсе де көрерменге сериал сияқты етіп қызықтырып беру тәсілі, қатысушылар мен жүргізушілердің кандидатурасы, техникалық мүмкіндіктер, жазғы уақыттағы күн режимі, реквизиттер, бәрі-бәрі оңайға соқпады.

Ұзақ талқыланды, бірнеше рет қорғалды, дәлелденді, содан соң барып қана түсірілімге шықтық. Өзім жобаның сценарийі, қатысушылары, жүргізушілігі сынды жұмыстарды атқарған соң продюсерлікті Т.Сейдоллақызына ұсындым.

Сөйтіп бағдарламаны дайындап шығардық. Көзге көрінбейтін жұмысы көп болды. Жаңа формат болғандықтан оны бүкіл түсірілім тобына түсіндіру де біраз жүйкені жұқартты. Қазір мұндай бағдарламаларды түсіруге көбі машықтанды, шүкір" , - деп жазды ол.

Асхат Садырбайдың айтуынша, кезінде "Шіркін life"қаралым бойынша бүгінде отандық телевидениені жаулап алған түрік және кәріс телехикаяларынан да асып түскенін жеткізді.

"Айтпақшы, "жақында осы жоба шыққалы жатыр екен, сіз жасап жатсыз ба" деген сұрақтар келуде. Жоқ, мен бұл жобаға ешқандай арнадан ұсыныс алған жоқпын. Мүмкін басқа біреулер түсіргелі жатқан шығар. Оған менің қатысым жоқ.
Бірақ алдағы уақытта мүмкіндік болса бұл шоуды жаңғырту ойда бар. Сол кезде біздің жобаны қолдап, тамашалап, рейтингімізді көтерген көрерменге мың алғыс! Идеологиясы дұрыс, ауылдың өмірін,салт-дәстүрді насихаттайтын заманауи жобамен кәрістер мен түріктердің сериалдарын басып озған едік сол кезде" , - деп жазды журналист.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асхат Садырбай ауыл өмірін көрсеткен "Шіркін life" жобасы туралы шындықты айтты