Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяда 28 жастағы k-pop жұлдызы қайтыс болды

Опубликовано:

Күні кеше Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары 28 жастағы k-pop әншісі Ким Чжон Хванның қайтыс болғанын растады. Йоан лақап атымен танылған өнерпаз TST тобының мүшесі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/Justjared. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/Justjared. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ким Чжон Хван 16 маусын күні көз жұмған. K-pop жұлдызының неден қайтыс болғанын әлі жария еткен жоқ. Ертең өнерпаздың жаназасы өтеді.

Әнші өнердегі мансабын 2015 жылы NOM тобының құрамында бастады. Ал 2017 жылы ол Top Secret солисі атанды. Аталмыш топ төртінші альбомын осы жылдың қаңтар айында шығарған.

Ким Чжон Хван Instagram парақшасын соңғы рет 31 мамыр күні жаңартқан. Ол үлкен ғимараттар маңында тұрған суретін жариялап, саяхаттағысы келетінін айтқан.

Әншінің жанкүйерлері желіде оның барша жақындарына қайғырып көңіл айтуда.

Айта кетейік, соңғы уақытта Корей жұлдыздарының арасында өлім оқиғалары жиілеп кетті. Бұған дейін Оңтүстік Кореялық әнші әрі актриса Гу Хара қайтыс болған. 28 жастағы өнер иесі Сеулдегі үйінде өлі табылды.

Сондай-ақ, танымал кәріс актрисасы Го Су Юнг 24 жасында өмірден өткенін хабарладық. Дереккөздерге сәйкес, ол ұзақ уақыт бойы ауырған. Алайда, өнер иесінің нақты немен ауырғаны хабарланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860824-koreada-28-zastagy-k-pop-zldyzy-kajtys-boldy/

pixel