RU

Сәуле Қисықова коронавирусқа еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ екенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы эпидемиологиялық ахуал жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Сәуле Қисықованың сөзінше, үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Соңғы үш күнде күн сайын орта есеппен коронавирус жұқтырған 150-ден аса адам тіркелген. Олардың 50 пайызында ауру белгілері жоқ.

"17 маусымда шамамен, 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.
ПТР тесттер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алудамыз. Тесттер тек ауру белгілері бар және жақын байланыста болған адамдарға қажет.
Тесттердің жетіспеушілігіне жол бермеу үшін барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ. Зертхананың 20-дан астам қызметкері бүгінде індет жұқтырды.
Отбасында дүрбелең тудырып, зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ. Тек дәрігерлер айтқан санитарлық ұсынысты мұқият сақтау керек", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 542-ге жеткен. Олардың 2951-і Нұр-Сұлтан қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860832-sule-kisykova-koronaviruska-es-sebepsiz-test-tapsyrudy-kazeti-zok-ekenin-ajtty.html