2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Актриса Құралай Анарбекова 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова 30 жасын ерекше түрде атап өтіп, есте қаларлықтай кеш ұйымдастырды. Туған күн иесі қуанышына ортақтасқан барша жақындары мен өнер саласындағы достарына үлкен дастархан жайып, қонақ еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Құралай Анарбекованың туған күн кешінде Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Ләйлә Сұлтанқызы, Марсель, Raim мен Artur және тағы да басқа өнер жұлдыздары бой көрсетті.

Актрисаның 30 жасы дәл карантин уақытымен тұспа-тұс келіп қалған. Сол себепті, ол туған күнін мейрамханада азын-аулақ жақындарымен бірге тойлаған.

Кино саласының жұлдызы өзін құттықтап келген қонақтарына ерекше конкурстар ұйымдастырып, кешті анағұрлым қызықтырақ өткізуге тырысқан.

Сонымен қатар, Анарбекованың жеке мерекесі үшін жиналғандар бүгінде Tik-tok желісінде хит болып жатқан Raim мен Artur-дың әніне видео түсірген. Олар қатар-қатар болып тізіліп, әйгілі флешмобқа қатысты.

Құралай Анарбекованың туған күн кешіндегі фото және видеомен жұлдызды қонақтар арасынан тек қана Айқын Төлепберген бөліскен. Ол Instagram парақшасында көңілді отырыстан естеліктерді жариялаған.

Айта кетейік, карантин режимі жеңілдетілген соң, жұлдыздар біртіндеп той-томалақтарға шыға бастаған. Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей әріптестерінің ішінен алғашқылардың бірі болып, дүбірлі шараларда өнер көрсетіп қайтқан.

Шахизада Байбатжанова да шағын тойға қатысып, қонақтар үшін ән шырқаған. Өнер иесі елу адам шақырылған тойдың қалай өтетінін айтып берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Актриса Құралай Анарбекова 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)