Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенеді деп ойлаймын": Алматылық дәрігер желіде үрейлі хабарлама таратты

Опубликовано:

Мессенджерде Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері Болат Түсіпхановтың аудиожазбасы тарап, көпшіліктің үрейін алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Cіздерге үндеу жасағым келеді. Мен дәрігермін, сіздер маған сенеді деп ойлаймын. Бюджетте қазір ақша қалмаған да шығар, бәрі шаршаған. Адамдар мәселелерден қашып жатыр. Карантинге кетеді, ешкім мәселені шешкісі келмейді", - деп деді медицина қызметкері.

Ер адамның сөзінше, ол үнемі байланыста болған екі хирург те Covid-19 вирусын жұқтырған.

"Біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатып, әрең тәуір болды. Екіншісі сонда жатыр. Кафедра меңгерушісі де ауырып қалды. Біз бәріміз бірге отырамыз, бірге тұрамыз. Соған қарағанда мен дн жұқтырған сияқтымын", - деді Түсіпханов.

Дәрігер Алматы ауруханалары науқастарға толы екенін, палаталар мен жансақтау бөлімдерінде орын жоқ екенін атап өтті.

"Бұл шындық. Өздеріңді күтіңдер, сақ болыңдар. Қазіргі кезде ешкім ештеңемен айналысқысы келмейді. Ешкім дәрі бермейді. Бізде қазір хаос. Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, дау-жанжалдан қорқады", - деді жазба авторы.

Медицина қызметкер жағдайы орташа науқастардың үйде емделіп жатқанын, жедел жәрдем оларды ауруханаға алып келмейтінін айтқан.

Түсіпқановтың айтуынша, карантинді қайтадан қатаңдатса, адамдар жұмыссыз қалып, "әлеуметтік жарылыс" болуы мүмкін.

"Карантинді жеңілдеткеніне қатысты не айтарымды да білмеймін. Хирургтердің салы суға кетті. Жағдай бақылаудан шықты", - деді ол.

Осы жазбаға байланысты аталған аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова пікір білдірді.

Оның сөзінше, дәрігер расында Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада істейді.

Аталған факті бойынша медицина ұйымының ішкі аудит қызметі қызметтік тексеріс жүргізді.

"Бұл аудиожазба Болат Түсіпхановтың жақындарына арналған және Жезқазғандағы туысқандарының жабық чатына жолданған. Туыстарының отбасылық мерекеге дайындалып жатқанын естіген ол осылайша оларды әлеуметтік жауапкершілікке, сақтыққа және профилактика шараларын сақтауға үндеген. Болат Түсіпханов жақындарын отбасылық шараны өткізбей, карантин режимін сақтауға шақырды. Дыбыстық хабарламада айтылғандар шындыққа жанаспайды және ағайын-туысты сендіру үшін ғана айтылды", - деді Байзолданова.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 17 732-ге жеткен. Өткен0 тәулікте тағы 57 адамнан COVID-19 диагнозы расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861568-senedi-dep-ojlajmyn-almatylyk-driger-zelide-rejli-habarlama-taratty/

pixel