Выйти
RU

Кафелер, сауда орталықтары мен базарлар жабылады: Шымкентте карантин қайта күшейтілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Бұл коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кафелер, сауда орталықтары мен базарларды жабылады: Шымкентте карантин қайта күшейтіледі

Көрнекі фото: NUR.KZ

23 маусымнан бастап жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сауда базарлары сағат 6.00-ден 16.00-ге дейін, көтерме азық-түлік базарлары сағат 5.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Таңертеңгі сағат 10-нан 18.00-ге дейін сауда орталықтары, дүкендер мен супермаркеттердің, сағат 21.00-ге дейін жеке орналасқан супермаркеттер мен дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат.

Қоғамдық тамақтану нысандарында белгіленген жұмыс режимі сағат 9-дан 21.00-ге дейін, ХҚКО 8-ден 12-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ал қоғамдық көліктер таңертеңгі уақытта 7:00-11:00, кешкі уақытта 17:00-20:00 аралығында жүретін болады.

Карантиндік шаралар демалыс күндері де қатаңдатылады.

Мәселен сенбі және жексенбі күндері сауда орталықтары, дүкендер, супермаркеттер, сауда базарларының жұмыс істеуіне (жұмыс уақыты сағат 10-нан 21.00-ге дейінгі жеке дүкендер мен супермаркеттерді қоспағанда) тыйым салынды.

Барлық қоғамдық тамақтану орындары жабылып, қоғамдық көліктер жүруді тоқтатады.

Карантин кезінде балабақшалардың, спортзалдардың, бассейндердің, саябақтардың, сауда орталықтарының, алаңдардың жабылуы қарастырылған.

Сонымен қатар, халыққа түрлі қызмет көрсететін нысандар жұмысын уақытша тоқтатады. Атап айтқанда, шаштараздар, сұлулық салондары, көлік жуу, кір жуу, химиялық тәсілмен тазалау орындары, сауналар, киім мен құрал-жабдықтарды жөндеу орталықтары.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева ауруханалардың жүктемесі 90%-дан асатын болса, Қазақстан карантин шаралары күшейтіледі деп мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кафелер, сауда орталықтары мен базарлар жабылады: Шымкентте карантин қайта күшейтілмек