Выйти
RU

Инфекционист: Қазақстанда пневмония таралуы – коронавирустың көрінісі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық инфекционист Равиля Егембердиева елімізде пневмонияның таралуын түсіндірді. Оның пікірінше, бұл – коронавирус инфекциясының көрінісі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Пневмония – коронавирус инфекциясының көрінісі. Оларды бөліп, біреуін – пневмония, екіншісін – коронавирус инфекциясы деуге болмайды.
Яғни, инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарымен өтіп, өкпеге түскен, сол жерде қабыну процесі жүріп жатыр деген сөз.
Не үшін қазір пневмония таралып жатыр дейді? Бұл пневмонияның таралуы емес, бұл – коронавирус инфекциясы. Кейбір адамдарда аурудың белгілі бір кезеңінде пневмония белгілері байқалады", – деп түсіндірді инфекционист TengriT эфирінде.

Егембердиева пневмонияға шалдыққан адамдарға толық тексеруден өтіп, ПТР тестілеу тапсыруға кеңес берді.

Ол коронавируспен стационарларға жатқызылғандардың басым бөлігінде пневиония бар екенін тілге тиек етті. Covid-19 инфекциясы үшін көбісінің ауруы асқынып кеткен.

Алайда, инфекционист пневмонияның басқа да вирустардан қозуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Айтуынша, толық тексеруден өткен соң ғана нақты диагноз қоюға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда науқастарды жоспарлы қабылдау, қарау, тіпті, жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету тоқтатылғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Инфекционист: Қазақстанда пневмония таралуы – коронавирустың көрінісі