Выйти
RU

"Енді басталған сияқты": Нұрболат Абдуллин коронавирус жағдайына алаңдаулы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрболат Абдуллин еліміздегі коронавирус пандемиясына қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді. Өнер иесінің ойынша, індетке байланысты дүрлігу енді ғана басталуда. Ол жазғы уақытта жұғып жатқан аурудың зардабы ауыр болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында қауіпті індет жайлы не ойлайтынын айтты. Оған қоса, әнші ауруға қатысты анасының тән мәліметімен бөліскен.

"Ажиотаж енді басталған сияқты ма қалай өзі?! Жақын-жұрағаттан тұмау симптомында ауырып жатқан әйтеуір бір адам. Анам айтып отыратын күн ыстықта тиген тұмаудың беті жаман болады деп. Шыбық сынса да Алланың қалауымен, десе де аманат етіп алған Алла берген денсаулықты күтейік ағайын, оның да сұрауы бар. Ауырмаңыздар" , - деп жазған Нұрболат Абдуллин.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов ауырып қалғанын хабарлап, көпшілікті алаңдатып қойды.

Алайда, актер коронавирусқа тест тапсырмайтынын айтып, үйінде өздігінен емделетінін жеткізді.

Бағлан Әбдірайымов та таныстары арасында қауіпті вирусты жұқтырып, ауруханаға түскендер бар екенін жасырмады. Ол COVID-19 оның айналасындағылардан табылғанына қатты уайымдаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Енді басталған сияқты": Нұрболат Абдуллин коронавирус жағдайына алаңдаулы