Выйти
RU

Шетелде ем алатын қазақстандықтар шекарадан қалай өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелге емделу үшін шекарадан қандай құжаттармен өтуге болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.  

Шетелде ем алатын адамдар шекарадан қалай өтеді

Көрнекі фото: pixabay.com

Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, шетелге емделуге кетіп бара жатқан адамда дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі және медициналық мекеменің шақыру хаты болуы міндетті.

"Шетелге емделу үшін шығатын адамда алдымен дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі болуы керек. Сол жерде науқасты шұғыл емдеу туралы жазылады. Сондай-ақ, шетелдік медициналық мекеменің шақыру хаты болуы шарт. Аудараманы нотариус рәсімдеуі тиіс. Міне, осы екі құжатпен шекарадан кедергісіз өтуге болады", - деді Байғабылов бүгінгі онлайн брифингте.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, ұшақпен шығу мәселесінде ешқандай шектеулер жоқ.

Айта кетейік, бүгінде төтенше жағдай аяқталса да, карантинге байланысты шекарадан өтуге шектеулер енгізілген болатын.

Осыған сәйкес, республикадан тыс жерге себепсіз шығуға болмайды. Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады.

Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үндістан, Чехия, Мысыр, Украина мен Германияға әуе қатынасын жаңдандыратынын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелде ем алатын қазақстандықтар шекарадан қалай өтеді