2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

4,9 млн теңгеге киім алған: Шенеуніктер мемлекеттік қаражатты қайда жұмсайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері онлайн-брифинг барысында мемлекеттік органдарда бюджет қаражаты қайда жұмсалатынын айтып берді. Ведомство мемлекеттік сатып алуда 460%-ға дейін бағаны көтермелеу жайттары орын алғанын анықтады. Лоттардың арасында – спорттық киімдер, ағаштарға күтім жасау, кір жуғыш машиналары мен балалар тағамы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова Қазақстанда мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор саласындағы сатып алуларға мониторинг жүргізілгенін мәлім етті.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Рудный қаласының әкімдігі 4,9 млн теңгеге спорттық киімдер сатып алған – оның ішінде белгілі маркалы футболкалар, бір данасының бағасы – 28 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу бойынша бағаны көтермелеу 3,8 млн теңгені құраған.

Кәріпованың айтуынша, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирус эпидемиясы кезінде 233 мың теңгелік кір жуғыш машиналар сатып алуды шешкен. Ал тауардың орташа бағасы 170 мың теңгені құраған.

Мемлекеттік сатып алуға аса ірі көлемде ақша жұмсағандардың ішінде Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ерекше көзге түскен.

Тағы да оқыңыздар

"Ақшаның қайда жатқанын білмейді": Үкімет Нығматулиннен сөз естіді

Белгілі болғандай, 2020 жылы аталған басқарма бір ғана көше мен үш нысанның «жасыл көшеттерін күтуге» 1 млрд теңге бөлген.

Жалпы, 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мониторинг жүргізу арқылы 4,2 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында аудан шенеуніктері әйелдерінің ауыл шаруашылығы мұқтаждығына байланысты көп көлемде жер телімін алғаны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
4,9 млн теңгеге киім алған: Шенеуніктер мемлекеттік қаражатты қайда жұмсайды