Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы бойжеткен пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

Елорда денсаулық сақтау басқармасы 25 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғынының өлімін растады. Қайғылы жағдайдың себебі екіжақты пневмония болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы бойжеткен пневмониядан көз жұмды
Көрнкі фото: azh.kz: Facebook

Дәрігерлер ақпарынша, жедел жәрдем қызметі 1995 жылы туған қызды №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер астаналық қызды өткен жұмада (2020 жылдың 19 маусымы) емдей бастаған, ол өте ауыр халде болған.

Пациент бірден жансақтау бөліміне жіберілген. Ауруханаға түскенде науқастың тыныс алуы қиындап, ауа жеткіліксіздігі туындаған. Оның дене қызуы көтеріліп, әлсіздік жағдайы байқалған.

Денсаулық сақтау басқармасында науқастың жағдайы ауа жетпегендіктен қиындағанын айтады. 2020 жылдың 25 маусымында өткізілген интенсивті терапияға қарамастан, пациенттің ауыр дәрежедегі екі жақты полисегменттік пневмония салдарынан жүрегі тоқтаған.

Күні кеше елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қалада 38 адам коронавирус құрбанына айналғанын айтқан еді. Ал бүгін Нұр-Сұлтанда тағы 7 адамның өлімі туралы белгілі болды. Бұл - республика бойынша қайғылы жағдайдың ең үлкен көрсеткіші.

Айта кетейік, 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі. Осыған байланысты, қалада қоғамдық көліктер жүрмейді, халық көп жиналатын жерлер жабық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1862358-nr-sltanda-25-zastagy-bojzetken-pnevmoniadan-kz-zmdy/

pixel